«Гематология орталығы» ЖШС жобалық кеңсесін ұйымдастыру тәжірибесі
Кілт сөздер:
жобалық кеңсе, онкогематология, жобалық басқаруАңдатпа
Өзектілігі: Медициналық ұйымдардың алдында тұрған стратегиялық мақсаттарға ойдағыдай қол жеткізу үшін көбіне қолда бар және күтілетін ресурстарды ескере отырып, оларды шешу жолдарын таба білумен анықталады. Қазіргі уақытта жобаларды басқару Кеңсесі (Project Management Office (PMO) ең маңызды іскерлік дағды болып табылады, оны қолдану арқылы алға қойылған мақсаттарға тиімді қол жеткізуге мүмкіндік береді [4, 5]. Сапалы медициналық көмек көрсетумен қатар, заманауи диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістерін енгізу жағдайында онкогематологиялық аурулары бар науқастардың сырқаттануы, терапевтік шешімдері, емдеу нәтижелері мен өміршеңдігі туралы сенімді ақпарат алу мәселелері ерекше маңызды болды. Мақалада гемобластоздармен ауыратын науқастардың деректер базасын құру жобасы бойынша шешуші құралы ретінде жобалық кеңсенің тәжірибесі сипатталған.
Зерттеу мақсаты: онкогематологиялық аурулары бар науқастарды емдеу тәсілдерін мен оның тиімділігін зерттеуге бағытталған «Гематология орталығы» ЖШС-нің жобалық кеңсе жұмысының тиімділігінің нәтижелерін бағалау.
Әдістері: 2020 жылдың қараша айында құрылған «Гематология орталығы» ЖШС-нің жобалық кеңсе жұмысының негізі - 2015 жылдан бастап Өскемен қаласындағы орталық филиалында және 2018 жыл мен 2021 жылдың ақпан айының аралығында Қарағанды қаласының филиалында емдеуде болған онкогематологиялық аурулары бар науқастардың контингентін бағалау болып табылады. «Гематология орталығы» ЖШС-нің медициналық ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер негізінде, емдеу кестесін таңдау үшін науқастың «сұлбасын» құрастырып, емдеу бағытын ескере отырып нозологиялар бойынша жедел лейкозбен, көптік миеломамен, созылмалы лимфолейкозбен, созылмалы миелопролиферативті аурулармен, миелодиспластикалық синдроммен ауыратын науқастардың базалары құрастырылды. SPSS 23 ба,дарламасының көмегі арқылы статистикалық талдау жүргізілді. Айырмашылықты бағалау Крускал-Уоллис әдісінің көмегімен, Манн-Уитни сипатбелгісімен жүргізілді, топтарды салыстыру кезінде статистикалық маңызды деңгей ретінде p=0,05 алынды.
Нәтижелері: Жобалық кеңсеге қажетті шарттар ұсынылады: жоспар, нақты нәтиже, арнайы ұйымдастырылған топ және уақыт аралығы, жобалық кеңсе жұмысының тиімділігіне талдау жүргізіледі. Нәтижесінде осы нозологиялар шеңберінде емдік-диагностикалық көмектің көлемін, деңгейін және тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін деректер алынды, бұл пациенттердің диспансерлеуі мен бағыттау жүйесін жетілдірудің негіздемесі болды.
Қорытынды: «Гематология орталығы» ЖШС жобалық кеңсесінің онкогематологиялық аурулары бар науқастарды емдеудің құрылымы мен тиімділігін зерттеу бойынша жұмысының нәтижелері медициналық ұйымдарда жобалық менеджментті қолданудың тиімділігін көрсетті.