Колоректальды рактың эпидемиологиялық аспектілері Қазақстан Республикасында

Авторлар

  • А.А. Хожаев НАО «Казахский национальный медицинский университет им. С.Д.Асфендиярова»
  • Д.Р. Кайдарова
  • Т.Т. Садыкова
  • А.В. Рубанова

Кілт сөздер:

колоректальды рак, тоқ ішек рагы, тік ішек рагы, эпидемиология

Аңдатпа

Өзектілігі: Бүгінгі таңда колоректальды рак дүние жүзініңде, Қазақстан Республикасыныңда  денсаулық сақтау саласының аса маңызды мәселелерінің  бірі болып табылады. Онкопатологияның жалпы құрылымында жетекші орынға ие бола отырып, ісіктердің бұл нозологиялық түрі клиницистерді статистикалық көрсеткіштерді жақсарту жолдарын жасауға мәжбүр етеді.
Зерттеу мақсаты – 2011-2020 жж. аралығында Қазақстан Республикасындағы колоректалды рактың эпидемиологиялық аспектілерін зерттеу. 
Әдістері: Салыстырмалы аспектіде аналитикалық бағалау әдісімен 2011 жылдан 2020 жылға дейінгі 10 жылдық кезең бойынша Қазақстан Республикасының онкологиялық қызметі көрсеткіштерінің статистикалық материалдары талданды. 
Нәтижелері: Тоқ ішек қатерлі ісігінде де, тік ішек ісігінде де аурудың ерте (I-II) кезеңдерінің жоғарылауы анықталған. Егер 2011 жылы тік ішек ісігінің І-ІІ сатыларының үлесі 61,5% болса, 2020 жылы 68,5% құрайды. Тоқ ішектің қатерлі ісігінде бұл деректер 
сәйкесінше 36,5% және 53,1% құрады. Бұл ретте көзге көрінетін локализациясы бар аурудың асқынған (жергілікті асқынған) ІІІ сатысының – тік ішек обырымен 2011 жылғы 25,2%-дан 2020 жылы 18,3%-ға дейін төмендеуі байқалады. Тоқ ішек қатерлі ісігінің жалпы 5 жылдық өмір сүру деңгейі 2020 жылы 50,7% және тік ішек обыры үшін 46,0% құрады және бұл бүкіл 10 жылдық бақылау кезеңі үшін ең жақсы көрсеткіштер. Сонымен қатар, бұл патологияның пайда болуының аумақтық ерекшеліктері бар. Бұл ретте бір жылдық өлім-жітім көрсеткіштері төмендеуде, 2011 жылы 29,2 және 2020 жылы 18,8, тік ішек обыры бойынша 31,9 және 19,8, тік ішек ісігі бойынша 4,5 және 3,9, тік ішек ісігі бойынша 4,8 және 4,1 құрады, тиісінше.
Қорытынды: Колоректалды рактың он жылдық кезең аралығындағы статистикалық көрсеткіштерін аналитикалық бағалау ау
рушаңдық көрсеткіші бойынша жылдан-жылға озық тұратын аймақтардың бар екенін көрсетті. Сонымен қатар, ерте диагностика және жалпы 5 жылдық өмір сүру көрсеткіштері жақсаруда, сондай-ақ бір жылдық өлім мен өлім-жітім төмендеуде.

Жүктеулер

Жарияланды

20.04.2022