Мұрат Тілеуғабылұлы- дәрігер патоморфолог, ғалым және ұлағатты ұстаз

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52532/

Аңдатпа

Медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер-патоморфолог, тәжірибелі педагог Мұрат Тілеуғабылұлы Айтқұлов 1941 жылы 10 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сарыөзек ауылында дүниеге келген. 1967 жылдан 1981 жылға дейін патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеді, доцент ғылыми атағын алып, 1995 жылға дейін оқытушы, кейінгі жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде патологиялық анатомия және сот медицинасы курстарының меңгерушісі. 1982 жылдан 1997 жылға дейін деканның орынбасары, кейін стоматология факультетінің деканы қызметін абыроймен атқарды. 1989-1910 жылдары ұстаздық қызметпен қатар Қарағанды облыстық денсаулық сақтау бөлімінің штаттан тыс бас патологоанатомы қызметін қоса атқарды. 2011-2018 жылдары Көкшетау жоғары медициналық колледжінде оқытушылық қызметін жалғастырып,  2018 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жанынан медицина факультеті ашылғаннан кейін Мұрат Тілеуғабылұлы «морфология, физиология және жалпы патология» кафедрасының меңгерушісі қызметіне шақырылды. Жас, нығаймаған факультетті қалыптастыруға және құрылымдық нығайтуға зор үлес қосты.

Оның медицина саласындағы, әсіресе  қазақ тілін дамытуға қосқан үлесі орасан зор. М.Т. Айтқұлов көп жылғы еңбегі үшін бірнеше медальдармен, КСРО «Денсаулық сақтау үздігі», ҚР «Денсаулық сақтау үздігі» белгілерімен және ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Жүктеулер

Жарияланды

02.04.2025