Қатерлі ісікті диагностикалауды жақсарту жолдары және жатыр мойны обырының дамуы мен қайталануының қауіпін анықтау

Авторлар

  • Karlygash Tazhibayeva КазГУ

Кілт сөздер:

жатыр мойны обыры, қауіп факторы, прогрессия және рецидив.

Аңдатпа

Аннотация

Өзектілігі: Жатыр мойнының қатерлі ісігі әйелдер өлімінің төртінші себебі болып табылады және бүкіл әлемдегі әйелдер арасында жиі кездесетін қатерлі ісік бойынша үшінші орында.

Мақсаты: жатыр мойны обыры бар науқастарда кешенді емнен кейін (неоадьювантты химиотерапия + радикалды гистерэктомия + аралас сәулелі терапия) қауіп факторларын, аурудың қайталануы мен рецидивтің уақыт аралығын анықтау.     

Материалдар мен тәсілдер: Ретроспективті зерттеу жүргізілді, жатыр мойны обырының IB-IIA сатысы бар науқастардың медициналық сырқатнамасы және жамбас лимфа түйіндерінің диссекциясы болған радикалды гистерэктомия болған, және ≥40 гр. дозада кіші жамбас аймағына сәуле терапиясы жүргізілген сырқатнамалар іріктеуге алынды. Қазақстан Республикасында 2011 жылдан  2021 жылға дейін, Шымкентте қаласының (n = 883), онкологиялық қалалық орталығынды диспансерлік есепке тіркелген науқастарарасынан іріктеу алынды. Соңғы 10 жылда пациенттердің жасына, аурудың сатысына және морфологиялық құрылымына байланысты өмір сүру деңгейі мен қайталану қаупінің факторлары талданды.

Нәтижелер: Аурудың сатысы неғұрлым жоғары болса, рецидивсіз кезеңнің ұзақтығы соғұрлым қысқа болады. Көбінесе прогрессия 5 -тен 6 айға дейін жүрді 68,7%, 63,1% жағдайда жатыр мойны обырының рецидивтері бастапқы ісікті емдеу аяқталғаннан кейін алғашқы бір жарым жылда пайда болды, сондықтан көрсетілген уақыт аралығы рецидив қаупі жоғарылаған кезде ең «қауіпті» болып саналады. 19 -дан 24 айға дейінгі кезеңде рецидивтің пайда болуы 5,3% -да және 2 жылдан асқанда - жатыр мойны обыры бар науқастардың 31,5% -ында байқалды.

Қорытынды: Алынған мәліметтер бойынша, жатыр мойны обыры бар 884 науқастың ішінде 74 (79,5) әйелде прогрессия және 19 әйелде (20,4%) рецидив болды. Жатыр мойнының қатерлі ісігінің қайталануы 45-50 жас (28,4%) және 50-60 (26,3%) жас аралығындағы әйелдерде жиі кездеседі.     

Негізгі сөздер: жатыр мойны обыры,  қауіп факторы, прогрессия және рецидив.   

Жарияланды

16.02.2022