Көптік миеломаны емдеуде анти-CD38 антиденелерінің тиімділігін бағалау: ретроспективтік зерттеудің нәтижелері
DOI:
https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-1-75-403Кілт сөздер:
көптік миелома, қайталанған/рефрактерлік көптік миелома, анти-CD38 антиденелері, моноклоналды антиденелер, даратумумаб, емдеудің тиімділігіАңдатпа
Өзектілігі: Көптік миеломаны емдеудегі серпіліс моноклоналды антиденелерді қолданудың басталуымен байланысты, бұл жалпы жауап жиілігін едәуір арттырып, аурудың үдеуінсіз өмір сүру көрсеткіштерін жақсартады. Моноклоналды антиденелер мен иммуномодуляторларды біріктіріп қолдану, алдыңғы терапияның бірнеше жолдарына төзімді науқастарда да жоғары тиімділігін көрсетеді.
Зерттеу мақсаты – басқа препараттар кластарымен бір немесе бірнеше алдыңғы терапия жолдарынан өткен көптік миеломасы бар науқастарда анти-CD38 моноклоналды антиденесі (даратумумабты) қолдану тиімділігін зерттеу.
Әдістері: 2018 жылдың ақпанынан 2023 жылдың қарашасына дейін даратумумаб алған рефрактерлі немесе рецидивті көптік миелома диагнозы қойылған 22 пациенттің медициналық деректеріне ретроспективті талдау жасалды. Науқастар даратумумабты монотерапия түрінде де, басқа агенттермен комбинацияда да қабылдады. Тиімділікті бағалау Миелома бойынша Халықаралық (IMWG) жұмыс тобының критерийлеріне сәйкес жүргізілді.
Нәтижелері: Даратумумабпен емдеуге жалпы жауап жиілігі 59,1%-ды құрады. Екі жылдан кейінгі жалпы өмір сүру деңгейі 100%, талдау кезеңінің соңында – 95% болды. Аурудың үдеуі пациенттердің 22,7%-ында байқалды. Қауіпсіздік профилі қанағаттанарлық болды, негізгі жанама әсерлер – тромбоцитопения, анемия және нейтропения сияқты жеңіл және орташа ауырлықтағы асқынулар.
Қорытынды: Даратумумаб рефрактерлі немесе рецидивті көптік миелома диагнозы қойылған және бірнеше алдыңғы терапия жолдарынан өткен науқастарды емдеудің тиімді құралы болып табылады. Даратумумабпен емдеу клиникалық нәтижелерді және аурудың үдеуінсіз өмір сүруді айтарлықтай жақсартады. Бұл мәліметтер даратумумабты көптік миелома емінде қолданудың орындылығын және оның біріктірілген режимдерін әрі қарай зерттеу қажеттілігін қолдайды.