Онкологиялық науқастарда жалпы анестезия кезінде өкпенің жасанды желденуінің заманауи тұжырымдамалары: әдебиетке шолу

Авторлар

  • Н.Р. Абдухалилов
  • А.А. Арынов
  • Д.А. Байдәулет
  • М.Б. Муканова
  • А.А. Нурманова
  • Э.А. Сейдалиева KazNIIOiR
  • В.В. Чурсин

Кілт сөздер:

механикалық желдетудің заманауи тұжырымдамалары, операциядан кейінгі өкпелік асқынулар, тыныс алудың төмен көлемі, жекеленген оң экспираторлық қысым

Аңдатпа

Өзектілігі: Өкпенің жасанды вентиляциясы (ЖЖЖ) арқылы жалпы анестезиямен кең көлемді хирургиялық операциядан өткен пациенттер арасында обструктивті немесе рестриктивті сипаттағы әртүрлі операциядан кейінгі тыныс алу жолдарының асқынулары жиі кездеседі.
Зерттеудің мақсаты – онкологиялық науқастарға анестезиялық көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында жүйелі шолулар мен мета-талдаулардың ағымдағы деректерін, өкпе вентиляциясының профилактикалық және емдік стратегияларын қолдану жөніндегі ғылыми деректерді жалпылау.
Әдістері: PubMed электронды дерекқорында (NCBI) рандомизацияланған бақыланатын және перспективалық бақылау зерттеулерін, жүйелі шолулар мен мета-талдауларды, сондай-ақ 2016 және 2023 жылдар аралығында ағылшын тілінде жарияланған, өкпенің қорғанысты желдету және ауыр және ұзақ хирургиялық операцияға ұшыраған науқастарда әдеттегі механикалық желдету арқылы қорғаныс желдету стратегиялары және оның нәтижелеріне салыстыруға бағытталған ғылыми мақалаларды анықтау үшін іздестірілу жүргізілді.
Нәтижелері: Кең көлемді ғылыми зерттеулер мен мақалаларды шолу деректерін салыстыру нәтижесінде өкпенің қорғаныш вентиляциясының стратегиясын қолдану мақсатында тыныс алу көлемі төмен (6-8 мл/кг идеалды дене салмағына), жекелендірілген PEEP, өкпені мезгіл-мезгіл жинау маневрі жасалынған жағдайда клиникалық нәтижелердің айтарлықтай жақсаруы, тыныс алу жолдарының асқынулары, ерте өлім-жітім және хирургиялық операция жасалған науқастарда ауруханада болу ұзақтығы азайғаны анықталды.
Қорытынды: Ірі хирургиялық араласулар кезінде анестезия кезінде өкпенің қорғанышты желденуі тұжырымдамасын қолдану операциядан кейінгі өкпе асқынуларының жиілігін төмендетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

20.04.2023