Қазақстан Республикасындағы колоректальды қатерлі ісіктің эпидемиологиясы
Кілт сөздер:
колоректальды рак, тоқ ішек рагы, тік ішек рагы, эпидемиология.Аңдатпа
Өзектілігі. Бүгінгі таңда колоректальды рак дүние жүзініңде, Қазақстан Республикасыныңда денсаулық сақтау саласының аса маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Онкопатологияның жалпы құрылымында жетекші орынға ие бола отырып, ісіктердің бұл нозологиялық түрі клиницистерді статистикалық көрсеткіштерді жақсарту жолдарын жасауға мәжбүр етеді.
Зерттеу мақсаты. 2010-2019 жж. аралығында Қазақстан Республикасындағы колоректалды рактың эпидемиологиялық аспектілерін зерттеу.
Нәтижелері. Бұл мақалада соңғы онжылдықта Қазақстан Республикасындағы колоректальды рактың эпидемиологиялық көрсеткіштері ұсынылған және талданған.
Аумақтық ерекшеліктерді ескере отырып аурушаңдық қарқыны, біздің еліміздегі қатерлі ісіктердің осы түрінің ерте диагностикасы мен асқыну көрсеткіштері, сондай – ақ 5 жылдық өмір сүру көрсеткіштерімен, бір жылдық өлім-жітім және осы кезеңдегі өлім-жітім көрсеткіштері зерттелді.
Осы эпидемиологиялық көрсеткіштерді кешенді салыстырмалы талдау онкологиялық көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі көп жылғы жұмыс нәтижелерін көрнекі түрде көрсетуге және оларды жетілдіру бойынша бағыттарды қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Қорытынды. Колоректалды рактың он жылдық кезең аралығындағы статистикалық көрсеткіштерін талдап бағалағанда аурушаңдықтың өскенін, бұл ретте осы көрсеткіш бойынша жылдан жылға бірінші орын алатын өңірлер бар екенін көрсетті. Сонымен қатар, ерте диагностика көрсеткіштері жақсарып, бір жылдық өлім мен өлім көрсеткіштері төмендеді.