Журналдың редакциялық саясаты

«Қазақстан онкологиясы және радиологиясы» журналының мақсаты оқырмандардың кең ауқымын онкология және радиология саласындағы фундаменталды және қолданбалы клиникалық және эксперименталды зерттеулерге арналған ғылыми жұмыстардың нәтижелері туралы ақпараттандыру және де онкологиялық қызметті ұйымдастыру, онкологиялық аурулар эпидемиологиясы, ісік ауруларының алдын-алу, ісік алды және ісік ауруларының диагностикасы, клиникалық онкология мәселелері, радиология, эксперименталды онкология және радиобиология, онкологиялық қызметтегі психоәлеуметтік көмек мәселелері, кадрларды дайындау туралы мақалаларды жариялау болып табылады. Ғылыми басылымның негізгі тақырыптық бағыты: эпидемиология, онкологиялық науқастардың диагностикасы және емі, рентгенология және радиология мәселелері.

«Қазақстан онкология және радиологиясы» атты журнал редакциясы өз жұмысында «Зерттеу жариялауға жауапкершіліктер: редакторлар үшін халықаралық стандарттар» деген Кодексімен, жариялау этика бойынша Комитетінің ұсыныстарын (Committee on Publication Ethics (COPE)), редактор және баспагерлердің қауымдастығының Декларациясын, редактор және баспагерлердің халықаралық бірлестіктерін басшылыққа алады.

Кіріспе. Журнал редакциясы ғылымдық, объективтілік, кәсібилік, бейтараптық қағидаларын басшылыққа ала отырып, жарияланымның рецензиялаушыларына, демеушілік жариялау мен зерттеулеріне, ұйымдарына, мақалалардың авторларына, журнал оқырмандарына қатысты жарияланым этикасының қағидаларын сақтайды. Редакция авторлардан ғылыми жарияланымдар этикасының стандарттарын ұстануға талап етеді, өйткені жарияланған материалдар үшін жауапты болады (жарнамалық-ақпараттық материалдарды қоспағанда). Рецензиялаушылардың қорытындысын негізге ала отырып, редакцияның журналға жариялауды мақалаларды қабылдауға немесе қабылдамауға құқығы бар. Мақаланы жариялау туралы түпкілікті шешімді редакциялық алқа мүшелері және журналдың бас редакторы қабылдайды.

Редакциялық қағидалары

  1. Журналдың мазмұны үшін жауапкершілік. Жарияланған материалдар үшін редакцияға жауапкершілік жүктеледі (жарнамалық-ақпараттық материалдарды қоспағанда), жарияланатын материалдардың сапасын қамтамасыз ету және жарияланымдарының ғылыми тұтастығын сақтау мақсатында редакциялау саясаты мен рәсімдерін ұстанады.
  2. Редакциялық тәуелсіздігі және тұтастығы. Әділ және бейтарап шешімдерді қабылдау үшін редакция редакциялық тәуелсіздік және объективтілік қағидасын қорғайды.

2.1 Коммерциялық ниеттерден қабылданған шешімдерді бөлу.

Өз шешімдеріне редакция жауапты, шешімдерді қабылдау және редакциялау процестерден коммерциялық қызметтерін бөлу ережелерін ұстайды. Баспагердің баға саясатында белсенді қатысып, жарияланатын материалдардың кең қолжетімділігіне ұмтылады.

2.2 Иесіне немесе журнал баспагеріне редакторлардың қарым-қатынасы.

Журналдың баспагерлеріне коммерциялық немесе саяси себептердің мазмұны бойынша шешім қабылдауына қатысуға болмайды.

2.3 Журналдық метрика және шешімдер қабылдау. Редакция журналдың кез келген метрикасының жасанды арту жолымен өз журналының рейтингіне әсер жасауға болмайды. Бұл журналда мақаланың тұпнұсқа ғылыми себептерін қоспағанда, енгізілген сілтемелерді қосуға орынсыз талап болып табылады. Редакция авторларға қандай да бір қысым көрсетусіз таза ғылыми негізде құжаттарын қарауын қамтамасыз етеді.

  1. Редакциялық құпиялылық.

3.1 Авторлық материал. Редакторлар авторлардың материалының құпиялылығын қорғауға тиіс, сонымен қатар рецензиялаушыларға осыны ұстануға еске салуы керек. Құқыққа қарсы іс-әрекеттер кезінде немесе авторлардың келісіммен ғана редакторлар басқа журналдардың редакторларымен ұсынылған құжаттарын ортақ пайдалануға тиіс. Редакторларға әдетте, соттық істер үшін заңгерлерге материалды ұсынуға болмайды. Редакторлар авторлардан басқа қарастырылатын мақаланың мәртебесі туралы ешқандай ақпаратты бермеуі тиіс. Алайда, жалған деректерді, плагиаттық және басқа да заңсыз әрекеттерді тергеу кезінде, үшінші тұлғалармен материалдарды ашу қажеттілігі туындауы мүмкін (мысалы плагиат үшін қолданылған жарияланым авторларымен, басқа редакторларымен, ЖЭК, ғылым кеңес мүшелерімен).

3.2 Рецензиялаушылар. Рецензиялаушылар редакторларымен таңдалады. Егер сараптамалық бағалаудың ашық жүейсі жұмыс істемесе, редакторлар рецензиялаушылардың құпиялылығын қорғауға тиіс. Егер рецензиялаушылар өз аттарын ашуға тілек білдірсе, онда рұқсат берілуі тиіс.

Жалпы редакциялық саясат

  1. Ашықтық, есептілік. Ғылыми салаларында білімді кеңейту үшін, неге нақты жұмыс жасалынды, кім және кіммен зерттеу жоспарланып, жүргізілді, қолданыстағы бар білімдерге жарияланым қосылатынын түсіну үшін маңызды болып табылады. Осындай түсіністікке қол жеткізу үшін, максимальды ашықтық, толық және шыншыл есептің шешуші маңызы бар.

4.1 Авторлық және жауапкершілік. Жұмысты жазуға, оның тұжырымдамасының әзірлеуіне, ғылыми дизайн мен материалды жинауға, талдауға, түсіндіруге қатысқан адам автор болып саналады. Осы өлшемдерге барлық авторластар сәйкес келуі тиіс. Авторлар жарияланымға қатысты этикалық міндеттемелерге және ғылыми зерттеу нәтижелерінің таралуына жауап береді. Барлық авторлар жұмысқа елеулі үлес қосуға және оның бүкіл мазмұнымен таныс болуы тиіс. Авторлық даулар редакторларымен қорғалуға мүмкін емес және жарияланған тіпті жарияланбаған жұмыстар үшін тиісті тәуелсіз сатылар арқылы немесе институционалдық деңгейде шешулі тиіс (яғни жарияланымға дейін немесе жарияланымнан кейін автор кім болуына немесе кім болмауына қатысты келіспеушіліктері болса). Комиссиялық тұжырымдарының қорытындысын негізге алғаннан кейін, редакторлар өзгерістерді енгізе алады, мысалы, жарияланған жұмыстарда авторлық түзетулерді жасайды.

4.2 Қаржыландыру көздерінің рөлі мен мүдделердің қайшылықтары. Редакторлар мүдделер қақтығысына әкелетін қабілетті өнеркәсіптік және қаржы ұйымдарымен қарым-қатынасын ашуға авторларды үндейді. Барлық қаржыландыру көздері авторларымен мақаланың мәтінінде көрсетілуі тиіс. Редакторлар авторлардан кез келген қаржылық және қаржылық емес мүдделер қайшылықтары туралы ақпаратты талап етуі мүмкін.

4.3 Есеп, есептілік қағидаларын сақтау. Редакторлардың маңызды міндеттерінің бірі ғылыми әдебиетте жоғарғы стандартын ұстау болып табылады. Барлық жарияланған құжаттар олардың саласында айтарлықтай үлес қосатынын редакторлар кепілдік беруі тиіс. «Жағымсыз элементтерін қаршуы» деп аталатынға, қайталанған немесе артық жарияланымдарға, егер ол бәріне лайық болмаса редакторлар кедергі жасауға тиіс (мысалы, айқасқан сілтемелері бар басқа тілде жарияланым), сонымен қатар авторлардан алдыңғы жұмыстардың мәнмәтінде өз жұмысын орналастыруын талап етуге тиіс (яғни, неге бұл жұмыс қажет/істелді, бұл жұмыс нені қосады немесе неге алдыңғы жұмыстың репликациясы қажет, және оқырмандар осыдан не алатынын көрсету үшін). Стандартты болып табылатын сол салаларындағы авторлардан тиісті қағидаларын сақталуының дәлелдемелері мен оқу жоспарларын немесе хаттамаларды ұсынуын журнал талап етуі мүмкін. Зерттеуді нақты жүргізудің түсінуі оқырмандар, редакторлар, рецензиялаушылар үшін есептелік қағидаларын сақтауы маңызды болып табылады. Редакторлар плагиатқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен артық болған жарияланымдарды немесе қайталануды, плагиатты тексеруді жүргізеді.

  1. Сын ескертпелерге жауап. Басқа зерттеушілерімен жарияланған зерттеулерге жазылған пікір құпталады және ғылыми пікірталастың маңызды бөлігі болып табылады. Журнал пікірталастың қолжетімділігі үшін оқырмандардың пікірлерін жариялай алады.

5.1 Жарияланымдарының тұтастығын қамтамасыз ету – бұл түзетулер. Егер оқырмандардың, авторлардың, редакторлардың жарияланған жұмыстарында түпнұсқа қателер анықталса, түзету енгізіледі. Журналдың онлайн нұсқасы түзетілу күні мен баспа түзетудің сілтемесімен бірге түзетілуі мүмкін. Егер зерттеудің орындалуы (немесе оның бір бөлігі) жарамсыз болса, алып тастау үшін себебін түсіндіруімен бірге жұмыс жоққа шығарылады.

5.2 Жарияланымның тұтастығын қамтамасыз ету – жарияланымның немесе зерттеудің заңсыз іс-әрекеттерін қадағалау.

Егер оқырмандармен, рецензиялаушылармен немесе басқа тұлғалармен анықталған заңсыз іс-әрекеттермен немесе мінез-құлқынмен байланысты елеулі мәселелер туындаса, редакторлар авторларымен (ең дұрысы барлық авторларымен) хабарласуы тиіс және көрсетілген мәселелеріне әрекет жасауға сендіруі тиіс. Егер алынған жауап қанағаттандырмаса, редакторлар институционалдық деңгейде шараларды қабылдайды. Кейбір жағдайларда мәселелер тым күрделі болса, және жарияланған жұмыс клиникалық тәжірибесіне немесе қоғамдық денсаулық сақтауына әсер тигізу мүмкіндігі болса, редакторлар осы мәселелер жайлы оқырмандарды ақпараттандыруын мүмкіндігін қарастырады. Тіпті мекемесімен немесе ұлттық мүшесімен жүргізілетін тексерілу осыны жасауға ұсынбаған жағдайда болса да, редакторлар мақаланы өздері қайтаруға шешім қабылдай алады. Басқа редакторларымен немесе рецензиялаушыларымен, оқырмандарымен көтерген заңсыз іс-әрекеттік жарияланымдарға немесе зерттеулердің күдіктігіне немесе бекітулеріне редакторлар жауап қайтарады. Ықтимал плагиаттың немесе телнұсқалық/артық жарияланымдарының жағдайлары редакторлардың өздерімен бағалануы мүмкін. Егер авторлардың түсініктемелерінен қанағаттандырылмаса, редакторлар мекемесімен немесе басқа мүшесімен тексеруін жүргізуді талап етуі мүмкін. Кері қайтарылған мақалалар осылай сақталу тиіс, бірақ олар қайтарып алынған деп нақты белгіленуге тиіс.

5.3 Ғылыми пікірталастар. Редакция көзделген механизмнің көмегімен оқырмандар құжаттарды талқылай алады, сын ескертпелерді келтіре алады, сонымен қатар пікірлесе алады (онлайн немесе баспа көмегімен). Авторлар тиісті жағдайларда талқылау мен сынға өз үлестерін қоса алады.

Редакциялық барыстар

  1. Рецензиялаудың барысы. Редакторлар әділ және білікті сараптамалық бағалауды қамтамасыз етеді. Жарияланған мақаланың сапасын , журналда жарияланған мақалалардың нәтижелерін баяндаудың дұрыстығы мен сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында тақырып бойынша тәуелсіз ғалымдар екі жақты соқыр рецензиялауды жүзеге асырады. Редакцияда қабылданған мақалаларды рецензиялаудың рәсіміне сәйкес рецензиялау жүргізіледі.

6.1 Шолуды жүргізудің қажеттілігі туралы шешім. Егер ол жарамсыз болып саналса, редакторлар сараптамалық бағалаусыз мақаланы қабылдамауы мүмкін. Сараптамалық бағалауға арналған құжатты жібермеудің шешімі тек құжаттың академиялық мазмұнына негізделуі тиіс.

6.2 Рецензиялаушыларымен өзара іс-қимыл. Редакторлар рецензиялауға жеткілікті тәжірибесі бар мамандарды тартады, және мүдделерінің қақтығысын болдырмауы тиіс. Уақытысында рецензиялаушыдан пікір алынуы тиіс. Рецензиялаушылар журналдың редакциялық саясаты туралы хабардар болуы тиіс. Объективті бағалаудың мүмкіндігі туралы шешімді қабылдау үшін рецензиялаушылар бірінші мүмкіндік кезінде мүдделер қақтығысы туралы редакторларды ақпараттандыру тиіс. Кейбір мүдделер қақтығысы рецензиялаушыны дисквалификациялай алады. Редакторлар рецензиялаушыларға материалдың құпиялылығына көрсетуі тиіс. Редакторларда уақытылы сараптамалық бағалау және сапасын бақылау үшін механизм болуы тиіс және рецензиялаушыларымен кері байланысын қамтамасыз етілуі тиіс.

6.3 Рецензиялаушылардың заңсыз іс-әрекеттері. Құпиялылығын бұзуына жол бермеу үшін, редакторлар рецензиялаушылардың жұмысын қадағалауы тиіс, мүдделер қақтығысын (қаржылық немесе қаржылық емес), сараптамалық бағалаудың күдерісін болдырмауы тиіс. Мысалы плагиат сияқты күрделі, заңсыз іс-әрекеттерде айыптау институционалдық деңгейде қабылдануы тиіс.

6.4 Авторларымен өзара іс-қимыл – сыпайылық, әділдік, объективтілік, адалдық, ашықтық қағидаларында негізделеді. Редакторлар авторға рецензиялаушының толығымен барлық пікірлерін береді. Егер сін пікір, мысалы, қорлайтын немесе жала жабатын ескертулерді қамтыса, ерекше жағдайларда сін пікірдің бөлігі алынып тасталуы мүмкін. Түпкілікті шешім туралы редакторлар авторды мәлімдейді. Мақаланы ауытқыған кезде автор шағымдана алады. Редакторлар, алайда, өз шешімін кері қайтаруға міндетті емес.

  1. Редакциялық шешімдерді қабылдау процесі. Редакторлар жарияланым бойынша шешім қабылдайды, сондықтан бұл процесс журналдың академиялық көрінуіне сәйкес әділ, бейтарап болуы тиіс.

7.1 Редакциялық процестер. Авторлардан нені күтуді, жұмыстың қандай түрлері жарияланатыны, және журналда қандай құжаттар өнделетіні жайлы редакциялық процестер авторлар үшін ақпаратта баяндалған. Барлық редакторлар саясатпен, көзқараспен және саламен таныс. Барлық шешімдер үшін түпкілікті жауапкершілік бас редакторға жүктеледі.

7.2 Редакциялық мүдделердің қақтығысы жарияланым туралы шешімді қабылдауға әсер етпеуі тиіс (мысалы, сол мекемеде олар жұмыс істейтін немесе жұмыс істеп болса, егер олар қандай да бір компанияның акцияларын иеленсе,немесе авторлармен жеке қарым-қатынаста болса).