Скрининг кезіндегі колоректалды неоплазиялардың жиілігімен табиғи киллер белсенділігінің байланысы

Авторлар

  • Ж.М. Аманкулов КазНИИОиР, ДЦ Orhun Medical

Кілт сөздер:

колоректалды рак, скрининг, аденома, табиғи киллерлер

Аңдатпа

Өзектілігі: Табиғи немесе натуралды киллерлер (НК жасушалары) белсенділігінің жоғарылауы колоректалды рак (КРР) қаупін төмендетеді. Бұрын жарияланған зерттеулердің нәтижелері НК жасушаларының қатерлі ракпен байланысын КРР даму қаупі жоғары
адамдарда зерттелгенін көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты – қатерлі рак даму қаупі орташа популяциядағы НК жасушаларының белсенділігі мен үдемелі аденомалар (ҮA) және КРР жиілігі арасындағы байланысты зерттеу болды.
Әдістері: НК жасушаларының белсенділігі 25-2500 пг/мл өлшем диапазоны бар орташа қауіп тобына қатысушылардың қанының ферменттік иммундық талдауымен (ИФА) анықталды. НК жасушаларының 200 пг/мл-ден төмен деңгейі патологиялық деп есептелді. НК жасушаларының белсенділігін анықтауға арналған диагностикалық тесттің ақпараттылығы сезімталдық, спецификалық, теріс және оң болжамдық мән, клиникалық пайдалылық индексі сияқты көрсеткіштер арқылы бағаланды. Колоректалды рак дамуының ықтималдық коэффициенті логистикалық регрессия көмегімен есептелді. 

Нәтижелері: НК жасушаларының белсенділігі орташа қауіп тобындағы 354 адамда бағаланды (орташа жасы 59 жас; олардың 36%-ы ерлер). КРР және ҮA үшін НК жасушаларын анықтауға арналған сынақтың диагностикалық дәлдігі сәйкесінше 76% және 72% құрады, ал теріс болжау мәні 96% болды. НК жасушаларының сынағы КРР және ҮA үшін жақсы теріс клиникалық пайдалылық индексін көрсетті (тиісінше 0,66 және 0,74). НК жасушаларының деңгейі төмен адамдарда КРР диагнозы 7 есе жиі болды (95% CИ 2,3-20,3; p<0,001). НК жасушаларының деңгейі әйелдермен салыстырғанда ерлерде жоғары (549 пг/мл-ге және 500 пг/мл) және жоғарғы деңгей шылым шегетіндерде (412 пг/мл-ге және 544 пг/мл), спортпен айналыспайтын қатысушыларда (413 пг/мл-ге және 654 пг/мл), алкогольді асыра пайдаланатын адамдарда анықталды (476 пг/мл-ге және 389 пг/мл).
Қорытынды: Біздің зерттеуіміз көрсеткендей, НК жасушаларының жоғары деңгейі қатерлі ісіктің даму қаупі орташа адамдарда КРР және ҮА жоққа шығаруға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

27.10.2022