Өкпе обырына аз дозалы компьютерлік томография көмегімен скрининг жүргізу кезінде анықталған lung-rads 4а және 4в санатына сәйкес түйін түзілістердің сипаттары
Кілт сөздер:
өкпе обыры, өкпе түйіндері, Lung-RADSАңдатпа
Өзектілігі: Өкпе обырына аз дозалы КТ көмегімен скрининг жүргізіле басталуының нәтижесінде анықталған түйіндердің радиологиялық сипаттарын зерттеу қажеттігі туындады. Сол арқылы пациентті жүргізу тактикасын анықтауға, ауруды ерте сатысында анықтап, өлім-жітімді азайтуға, сондай-ақ жалған оң қорытындылардың санын азайтуға болады.
Зерттеудің мақсаты – өкпе обырына аз дозалы скрининг жүргізу нәтижесінде анықталып, Lung-RADS 1.1 жіктемесі бойынша 4А және 4В санаты деп жіктелген түйіндердің радиологиялық семиотикасын зерттеп, олардың сипаты мен қатерлі болу ықтималдығы арасындағы байланысты анықтау.
Әдістерi: Біз кеуде қуысы ағзаларының 167 АДКТ қорытындысын зерттеп шықтық. Барлық АДКТ зерттеу 1 мЗв аспайтын аз дозалы протоколы бар КТ сканерлерде жасалды.
Нәтижелері: Барлық анықталған 167 ошақтың 89 (53,3%) патоморфологиялық верификациядан өтті: Lung-RADS 4А санаты деп жіктелген 6 (7,1%) жағдай мен Lung-RADS 4В деп жіктелген 83 (100%) жағдай. Патоморфологиялық зерттеу нәтижесінде 89 қатысушының 74-де (83,1%) қатерлі ісік анықталды. Зерттелген санаттарда өкпе обырының дамуы мен жыныс арасында статистикалық мәні бар байланыс анықталды – Odds Ratio 2.320, (95% CI 1,230-4,376). Өкпе обыры анықталған жағдайлардың көбінің құрылымын айтар болсақ, жиегі ирелең (43,2%), тығыздығы 20-35 HU арасында болатын, іргелес плевраны тартатын (58,1%) солид түйін (83,8%)
екені анықталды.
Қорытынды: Өкпедегі түйіндердің радиологиядағы патогномиялық сипаттарын зерттеу – өкпе обырын ерте анықтауды жақсарта түседі, сондай-ақ жалған оғ қорытындылардың санын азайтуға септеседі.