Трансторакальды эхокардиография және компьютерлік томография арқылы анықталған жүрекшелердің фибрилляциясы бар науқастардағы жыныстық айырмашылығы
Кілт сөздер:
жүректің КТ, жүрекшелердің фибрилляциясы, эхокардиография, гендерлік айырмашылықтарАңдатпа
Өзектілігі: Кардиоэмболия ишемиялық инсульттің негізгі себептерінің бірі болып табылады және барлық церебральды инфаркттардың 15-30% құрайды. Жүрекшелердің фибрилляциясы (АФ) кардиоэмболиялық инсульттердің 60% құрайды. Тромбоэмболия қаупін бағалау жүрекшелердің фибрилляциясы бар науқастар үшін маңызды; дегенмен, бұл алаңдаушылықтар ерлер мен әйелдерге бірдей қатысты емес.
Зерттеудің мақсаты - жүрекшелердің фибрилляциясы бар науқастарда эхокардиографиялық және компьютерлік томографиялық сипаттамалардағы гендерлік айырмашылықтарды анықтау болып табылады.
Әдістері: Барлық науқасқа трансторакальды эхокардиография мен компьютерлік томография жасалды (КТ). Йод аллергиясы, жоғары креатинин, гипертиреоз, жүктілік, жасы <18 жастан төмен науқастар топқа қосылмады.
Нәтижелерi: Әйел науқастарында дене салмағының индексі 1 кг/м2 артуы сол жүрекшенің құлақшасы тромбозының қаупін 10%-ға арттырды (OR=1,1, p=0,019). Әйелдер жасының 1 жылға артуы сол жүрекшенің құлақшасы тромбозының қаупін 6%-ға төмендетеді (OR=0,94, p=0,01). Әйелдердегі шекті диастоликалық диаметр әрбір 1 см жоғарылауы сол жүрекшенің құлақшасы тромбозының қаупін 151% арттырады (OR=2,51, p=0,031). Әйелдерде шекті диастоликалық көлемінің және шекті систоликалық көлемінің 1 мл-ге артуы, сәйкесінше, 4% және 3%-ға сол жүрекшенің құлақшасы тромбозының қаупін арттырады (p<0,05). Әйел жынысты пациенттерде индекстелген шекті диастоликалық және шекті систоликалық көлемінің 1 мл/м2-ге әрбір ұлғаюы сол жүрекшенің құлақшасы тромбоз қаупін тиісінше 6% және 5%- ға арттырады (р<0,05). Егде жас, жоғары CHA2-DS2-VASc, HAS-BLED көрсеткіштері және ер пациенттерде сол жүрекшенің ұлғаю сол жүрекшенің құлақ шасының тромбымен айтарлықтай байланысты. Ерлердің жасының 1 жылға артуы сол жүрекшенің құлақшасы тромбозының қаупін 5%-ға арттырады (OR=1,05, p=0,012). Коронарлық атеросклерозы бар ерлерде тромб түзілу қаупі – 224% (OR=3,24, p=0,002).
Қорытынды: Клиницисттердің гендерлік айырмашылықтарды жақсы түсінуі жүрекшелер фибрилляциясы бар адамдарда емдеу деңгейін жоғарлатуға үлесін қосуы мүмкін.
TRANSLATE with x English Arabic Hebrew Polish Bulgarian Hindi Portuguese Catalan Hmong Daw Romanian Chinese Simplified Hungarian Russian Chinese Traditional Indonesian Slovak Czech Italian Slovenian Danish Japanese Spanish Dutch Klingon Swedish English Korean Thai Estonian Latvian Turkish Finnish Lithuanian Ukrainian French Malay Urdu German Maltese Vietnamese Greek Norwegian Welsh Haitian Creole Persian TRANSLATE with COPY THE URL BELOW Back EMBED THE SNIPPET BELOW IN YOUR SITE Enable collaborative features and customize widget: Bing Webmaster Portal Back