COVID-19-дың Қазақстандағы тік ішек обырына әсері: компоненттік талдау нәтижелері

Авторлар

  • Ж.Б. Тельманова
  • А.К. Аксарин
  • А.О. Оралбек
  • С.Т. Орозбаев
  • К.Т. Кулаев
  • Н.З. Шапамбаев
  • Е.К. Куандыков
  • З.А. Билялова
  • Г.С. Игисинова
  • К.Р. Рустемова
  • И.О. Кудайбергенова
  • Н.С. Игисинов Cental Asian Institute for Medical Research

Кілт сөздер:

тік ішек обыры, сырқаттанушылық, тренд, Covid-19, Қазақстан

Аңдатпа

Өзектілігі: Жыл сайын тік ішек обырымен ауыратын 732 210 жағдай тіркеледі, сырқаттанушылық 100 000 адамға 7,6 құрайды. COVID-19 пандемиясы скринингке, жағдайларды анықтауға және асимптоматикалық қатерлі ісік диагнозы бар науқастарды бағыттауға әсер етті.
Зерттеудің мақсаты – COVID-пандемиясы басталғанға дейін және оның кезеңінде Қазақстан тұрғындары арасында тік ішек 
обырының сырқаттанушылық динамикасын бағалау.
Әдістері: Зерттеу материалы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тік ішек обырына қатысты 
деректері (7-нысан) болды. Ретроспективті зерттеуде эпидемиологияның сипаттамалық және аналитикалық әдістері қолданылды. 
Компоненттік әдіс 2010 жылдан 2020 жылға дейін болған жағдайлардың санына негізделген тік ішек қатерлі ісігінің динамикасын талдау үшін қолданылды.
Нәтижелерi: 2010-2020 жылдардағы деректерді талдай отырып, біз тік ішек обырымен ауру қауіпінің айқын төмендеуін 
анықтадық. 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейін байқалған сырқаттанушылықтың өсуі (+24,8%) ковид алды 2010-2019 жылдарға 
(+37,2%) қарағанда төмен болды. Әрі қарай, біз 2019 жылдан 2020 жылға дейін тік ішек обырымен сырқаттанушылықтың күрт 
төмендегенін байқадық. Жалпы төмендеу −0,89‰⁰⁰ болды және халықтың жас құрылымының өзгеруіне (∑ΔA = +0,13‰⁰⁰ ), ауру қаупі (∑ΔR = -1,02‰⁰⁰ ) және жас құрылымы мен ауру қаупінің жиынтық әсері (∑ΔAR = -0,002‰⁰⁰ ) байланысты болды. Компоненттік талдау есептеулеріне сәйкес, 2020 жылы 1662 тік ішек обыры бар науқас күтілген, бірақ оның орнына пациенттер саны 1471 болды. Аталған жағдайлар санының төмендеуі тік ішек обырымен ауру қаупінің төмендеуімен байланысты болды.
Тұжырымдар: Осылайша, Қазақстанда тік ішек обырымен сырқаттанушылық динамикасын талдау COVID-19-дың онкологиялық қызметтің көрсеткіштері мен тиімділігіне теріс әсерін көрсетеді. COVID-19-ға байланысты шектеулерден кейін жұмысты қайта бастаған кезде барлық онкологиялық тексерулер күшейтілді. Алайда, қатерлі ісік скринингіне бару саны алдыңғы жылдарға қарағанда едәуір төмен болып қала береді. Диагноздың кешігуі тоқ ішек қатерлі ісігінің соңғы кезеңдерінің ұлғаюына және осы науқастарда тиісті 
емнің болмауына байланысты өмір сүру ұзақтығының жалпы төмендеуіне әкелуі мүмкін. Дегенмен, егер тиісті бақылау жүргізілсе, бұл болжамдарды жақсартуға болады.

Жүктеулер

Жарияланды

27.10.2022