Фитопрепараттардың радиопротекциялық қасиеттері: әдебиетке шолу
Кілт сөздер:
иондаушы сәулелеу, алмасу үдерістері, радиопротекторлар, фитопрепараттар, фитокомпозицияларАңдатпа
Өзектілігі: Күні бүгінге дейін радиацияға қарсы агенттерді іздеудегі сәтсіздіктер негізінен құрамында күкірт бар қосылыстар
жүзіндегі радиопротекторлардың синтезімен байланысты болғаны әдебиеттерден мәлім. Қосылыстардың басқа түрлері негізіндегі радиопротекторларды іздеудің де сәтсіз екенін айтып кеткеніміз абзал.
Зерттеу мақсаты – сәулеленген организмдегі зат алмасу бұзылыстарын коррекциялауға арналған фитопрепараттардың фармакодинамикасын зерттеу бойынша әдебиеттерге шолуды талдау.
Әдістерi: Әдеби шолуды іске қосуға ұсынылған барлық жұмыстар «Google Scholar» ғылыми іздеу жүйесі арқылы PubMed, Medline, E–library, Cyberleninka базаларында индекстелген. Таңдау алдында келесі шарттар ескерілген: ағылшын, жапон және орыс тілдерінде жарияланған соңғы 10 жыл ішіндегі тышқандар мен егеу құйрықтарға жасалған эксперименттік зерттеулер.
Нәтижелерi: Әдеби мәліметтерге сай тұтастық пен күрделілік, әрекеттің жан-жақтылығы, селективтілігі, ағзалық троптылығы сияқты дәрілік шөптердің әрекеті жеткілікті зерттелмеген; өсімдіктердің кез-келген компоненттеріне аллергиялық төзбеушілікті қоспағанда, іс жүзінде ешқандай жанама әсерлері болмайтын препараттарды тереңірек зерттеу қажет.
Қорытынды: Радиобиологтар міндеттерінің бірі фитокомпозицияның сәулеленген организмнің биохимиялық үдерістеріне әсерін зерттеу мақсатында тәжірибе жүзінде жаңа дәрілік емес емдеу жолдарын іздестіру болып табылады.