Лимфомаларды емдеу тиімділігін бағалаудағы ПЭТ/КТ

Авторлар

  • Ю.Т. Дауытова Asfendiyarov Kazakh National Medical University
  • Ж.Ж. Жолдыбай
  • Ж.К. Жакенова
  • Аманкулов Аманкулов
  • С.С. Байгулова

Кілт сөздер:

позитронды-эмиссиялық компьютерлік томография, 18F-ФДГ, лимфома, емдеу тиімділігі

Аңдатпа

Өзектілігі: ПЭТ/КТ 18F-FDG белсенді жинақталуымен сипатталатын лимфомасы бар науқастарда диагностикалық алгоритмнің құрамдас бөлігіне айналды. Лимфомалардың белгілі бір түрлерімен ауыратын науқастарда ПЭТ/КТ жоғары дәрежедегі диагностика, сатысын анықтау, сатысын қайта анықтау, емдеу тиімділігін бағалау және пациентті одан әрі басқару тактикасын анықтау үшін әдісті клиникалық тәжірибеде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Мақсаты: Лимфомаларды емдеудің тиімділігін бағалауда ПЭТ/КТ мүмкіндіктерін бағалау.

Нәтижелер: Лимфомаларды емдеудің тиімділігін бағалауда ПЭТ/КТ деректері бойынша 38,5% жағдайда процестің тұрақталуына қол жеткізілді, 33,03% жағдайда прогрессия, 18,35% жағдайда ішінара метаболикалық жауап, толық жауап 10,09% жағдайда қол жеткізілді.

Қорытынды: ПЭТ/КТ лимфоманы емдеудің тиімділігін бағалаудың таңдау әдісі болып табылады және лимфоманы емдеудің әртүрлі кезеңдерінде маңызды рөл атқарады және жеке емдеуге бағытталған қадамды білдіреді.

Жүктеулер

Жарияланды

20.04.2022