Медициналық қызметкерлер арасындағы эмоционалды жану синдромы: әдебиетке шолу

Авторлар

  • Ж.М. Жуманбаева НАО МУС
  • А.С. Серикбаев
  • А.С. Крыкпаева
  • Н.С. Рахматуллина
  • Г.Т. Айтмурзинова
  • А.А. Сеиткабылов

Кілт сөздер:

эмоционалды жану синдромы, медициналық қызметкерлер, эмоционалды жанудың таралуы, эмоционалды жанудың қауіп факторлары, профилактикасы

Аңдатпа

Өзектілігі: Медициналық қызметкерлердегі эмоционалды жану синдромы денсаулық сақтаудың өзекті тақырыбы болып табылады, себебі аталған жағдай науқастың медициналық қызметпен қанағаттануына, яғни, емдеу мен күтім үрдісіне тікелей әсер етіп, жалпы медицина қызметкерлерінің психологиялық жай-күйіне зиян тигізуі мүмкін. Эмоционалды жану синдромы өзінің сипатына орай осы синдромның таралуына тікелей әсер етуі мүмкін бірқатар қауіп факторларын қамтиды. Осылайша, медициналық қызметкерлердің психологиялық жағдайы және эмоционалды жану синдромының алдын-алу денсаулық сақтаудың маңызды аспектісі болып табылады.
Мақсаты: Медициналық қызметкерлердегі эмоционалды жану синдромының таралуы, қауіп факторлары, профилактикасы
бойынша әдебиеттерге шолу жасау.
Әдістері: PubMed, Cochrane Library, Medscape, CINAHL, Google Scholar іздеу жүйелерінде, e-Library.ru, Cyber Leninka сияқты электронды кітапханаларда ғылыми жұмыстар бойынша іздеу жүргізілді. Енгізілген материалдарға қойылған критерийлер: іздеу тереңдігі 10 жыл (2012-2022), түпнұсқа мақалалар, әдеби шолулар, мета-анализдер мен жүйелік шолулар, қолжетімді ашық және толық мәтінді, ағылшын және орыс тіліндегі мақалалар. Енгізілмеген материалдардың критерийлері: іздеу критерийлеріне сәйкес келмейтін және құрылымына нақты емес ақпарат пен қорытындыны қосқан төмен сапалы мақалалар, баяндамалар, тезистер мен газет мақалалары. Іздеу нәтижесінде аталған тақырып бойынша 46 мақала енгізілді.
Нәтижелерi: Әдебиеттерге шолу бізге медициналық қызметкерлер арасында эмоционалды жану синдромының жыл сайын кең ауқымға ие болатындығын және алдын-алудың сапалы әдістерін қажет ететіндігін анықтауға мүмкіндік берді.
Қорытынды: Әдеби шолу нәтижесі, медициналық қызметкерлер арасындағы эмоционалды жану синдромы мәселесі әлемдік сипатқа ие екенің және денсаулық сақтау жүйесінің назар аударарлық проблемалардың біріне айналғанын анықтауға мүмкіндік берді. Қауіп факторлары жағынан кәсіби факторлар басты орында, ал әлеуметтік, физиологиялық және т.б. факторлар екіншілік сипатқа ие екендігі анықталды. Біз зерттеген шетелдік және отандық дереккөздерде ЭЖС-ның алдын алу шаралары және мәселені болдырмаудағы олардың тиімділігі жеткіліксіз зерттелген

Жүктеулер

Жарияланды

27.10.2022