Өкпенің созылмалы обструктивті аурулары мен өкпе қатерлі ісігінің үйлескен кезіндегі компьютерлі-томографиялық ерекшеліктері
Кілт сөздер:
өкпенің қатерлі ісігі, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, компьютерлі томографияАңдатпа
Өзектілігі: Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) және өкпенің қатерлі ісігінің үйлесімі науқастарда жалпы шылым ше
гудің байланысы болуынан жиі кездеседі. Компьютерлік томография (КТ) өкпенің қатерлі ісігін ерте анықтауда, өкпе паренхимасының аумақтық деструкциясын бағалауда және ӨСОА-да тыныс алу жолдарын ремодельдеуде маңызды рөл атқарады.
Зерттеудің мақсаты – өкпенің созылмалы обструктивті аурулары мен өкпе қатерлі ісігінің үйлескен кезіндегі КТ-ерекшеліктерін анықтау.
Әдістері: 40 жастан жоғары, 10 жыл және одан астам шылым шегетін ӨСОА күдікті 56 науқастың көкірек қуысы ағзаларының
КТ нәтижелеріне ретроспективты талдау жасалды. Науқастардың 46,43% ӨСОА аясында өкпе қатерлі ісігінің КТ-белгілері болды.
Нәтижелері: Өкпенің қатерлі ісігіне шалдыққан науқастарда «қораптәріздес» кеуде қуысы (19,23%), трахеяның «қылыштәріздес» деформациясы (7,69%) және бронхоэктаздар (15,38%) сирек кездесті. Парасепталды және центрилобулярлы орналасқан өкпе эмфизе
масы 96,15%, буллалар одан сирек анықталды – 73,33%. Бронх саңылауларының тарылуы, қабырғаларының қалыңдауы мен тығыздалуы бөліктік және сегменттік бронхтарға тән болды.
Қорытынды: Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы мен өкпе қатерлі ісігі үйлескен науқастарының КТ-суретінде парасепталды, центрилобулярлы орналасқан өкпе эмфиземасының, өкпелердің жоғарғы бөліктерінде буллалардың, оған қоса бөліктік және сегменттік бронхтардың саңылауларының тарылуы, қабырғаларының қалыңдауы мен тығыздалуының басым болуы анықталды.