Он алты жасар науқастағы медуллобластома: клиникалық жағдай

Авторлар

  • С.А. Копочкина КазНМУ
  • А.А. Гончарова
  • З.Д. Душимова
  • А.Н. Быковская
  • К.А. Тохмолдаева
  • М.М. Жараспаева

Кілт сөздер:

медуллобластома, балалар, эпидемиология, молекулярлық-генетикалық топтар, эпендимома, бас ми қатерлі ісіктері, ОЖЖ қатерлі ісіктері

Аңдатпа

Өзектілігі: Ми қатерлі ісіктері балалардағы ең көп таралған ісік түрі болып табылады, олардың 20%-ын дерлік медуллобластомалар құрайды. Қазақстан Республикасындағы (ҚР) EROB ақпараттық жүйесі (АЖ) деректері бойынша 2021 жылы медуллобластоманың морфологиялық расталған диагнозымен 27 адам тіркелді, оның 18-і балалар (66,6%).
Зерттеудің мақсаты: клиникалық жағдай мысалында бас ми ісіктерінің диагнозын нақтылау үшін молекулалық-генетикалық
зерттеу жүргізудің маңыздылығын көрсету.
Әдіс: мақалада медуллобластомасы бар науқастың клиникалық жағдайы сипатталған. Келесідей зерттеулердің деректері пайдаланылды: мидың компьютерлік томографиясы, мидың магнитті-резонансты томографиясы, сонымен қатар операциядан кейінгі материалды иммуногистохимиялық зерттеумен патоморфологиялық талдау.
Нәтижесі: Науқас «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ Балалар онкологиясы орталығына (Алматы, Қазақстан) «Мишық құртшасының эпендимомасы 4-ші қарыншаның қысылуымен. Grade II. Вентрикулоперитонеостомия
(14.11.2021 ж.) және ісікті микрохирургиялық алып тастаудан (07.12.2021 ж.) кейінгі жағдай. 2-ші клиникалық топ» жолдамалық клиникалық диагнозымен жатқызылды. Түзілімнің атипикалық локализациясын ескере отырып, операциядан кейінгі материалды иммуногистохимиялық зерттеумен патоморфологиялық талдау жүргізілді. Зерттеу қорытындысы: морфологиялық суреті мен иммуно-фенотипі десмопластикалық/нодулярлы медуллобластомаға сәйкес, grade IV. ICD-O коды 9471/3. Морфологиялық талдау нәтижесіне байланысты емдеу тактикасы өзгерді.
Қорытынды: Медуллобластома - агрессивті ағымы бар өте қатерлі ісік. Дұрыс емдеу тактикасын таңдау уақтылы әрі нақты
қойылған диагнозға байланысты. Сондықтан диагностика пациент жүргізу алгоритмінде ең маңызды орынға ие. Осыған байланысты морфологиялық және иммуногистохимиялық зерттеу міндетті түрде жүргізілуі қажет. Сонымен қатар, ДДҰ 2021 жылғы ОЖЖ ісіктерінің жіктелуінің 5-нұсқасына сәйкес, ісіктің морфологиялық құрылымын дәлірек анықтау және жүргізілетін терапияға жақсы жауап болу үшін молекулалық-генетикалық зерттеу жүргізілуі қажет. Осылайша, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы клиникалық нұсқауларды қайта қарау қажеттілігі туындайды.

Жүктеулер

Жарияланды

27.10.2022