Сүт безі қатерлі ісігінің бас миына таралуындағы сәулелік терапияның аспектілері: әдебиетке шолу
Кілт сөздер:
онкология, сүт безі қатерлі ісігі, сәулелік терапия, мидың олигометастаздарыАңдатпа
Өзектілігі: Сүт безі қатерлі ісігі (СБҚІ) – әлемнің дамыған елдерінде әйелдер арасында кең таралған аурулардың бірі, сырқаттанушылық бойынша бірінші орынды және қатерлі ісіктер арасында өлім-жітім бойынша үшінші орынды иеленеді. Сүт безі қатерлі ісігін емдеудегі көптеген жетістіктерге қарамастан, сүт безі қатерлі ісігіндегі метастатикалық мидың зақымдануы бар науқастар үшін болжам қолайсыз болып қала береді. Бұл науқастардың өмір сүру ұзақтығы орташа есеппен бір жылға жуық. Емдеуге тиімді
қол жеткізу үшін мидың МРТ-ны метионинмен контрастпен немесе ПЭТ-КТ-ны қолданумен өту кезінде олигометастаздардың саны мен мөлшерін анықтау және диагностиканың дәлдігі ерекше маңызды. Стереотаксикалық радиохирургия (SRS), стереотаксикалық
радиотерапия (SRSR) сияқты емдеу әдістерінің пайда болуы өмір болжамын едәуір жақсартады. Сүт безінің карциномасы кезінде олигометастаздары бар пациенттерге жоғары технологиялық сәулелік терапияны қолдану өлім-жітімнің алдын алу болып табылады, бұл
интракраниальды ошақтарды жергілікті бақылауды жақсартады, өмір сүру сапасын сақтайды және жалпы өмір сүруді жақсартады.
Зерттеудің мақсаты – Миға сүт безі қатерлі ісігінің метастаздарын сәулелік емдеу аспектілері бойынша негізгі проспективті
зерттеулердің нәтижелеріне талдау жүргізу.
Әдістері: Бұл әдеби шолуда біз ми сүт безі қатерлі ісігінің метастазының сәулелік терапиясын жүргізу тәжірибесі туралы негізгі рандомизацияланған зерттеулерді қарастырдық. Зерттеуге қажетті материалдарды іздеу 2005-2020 жылдар аралығында «сәулелік терапия», «сүт безі қатерлі ісігі», «мидың метастаздар» кілт сөздерін қолдана отырып, «PubMed» дәлелді медицина базасында жүр
гізілді.
Нәтижелерi: Сүт безі обырының олигометастаздарында 5 түзілімге дейін сәулелік терапия жүргізу-стереотаксикалық радиохирургияны (SRS) орындау кезінде жүргізілген емнің нәтижесі 5-ші өмір сүру деңгейлі пациенттер тобымен салыстырғанда жоғары, 6 және одан да көп түзілімдер зақымданған кезде мидың толық сәулеленуі жүргізіледі, бұл болжамды қолайсыз факторлар болып табылады. Осылайша, ретроспективті зерттеулерде мидың олигометастаздарында SRS өмір сүру сапасын жақсарту ұсынылады.
Қорытынды: Бас миының метастатикалық зақымдануы бар СБҚІ-мен ауыратын науқастарды емдеу мультидисциплинарлық талдауды талап етеді, бұл процестің таралуына, қолданылған терапияға, жалпы соматикалық жағдайымен, қатар жүретін ауруларға, терапияның қол жетімді нұсқаларына негізделген. Мидың метастатикалық зақымдануы бар СБҚІ науқастарын жүйелі емдеу режимдері емдік іс-шараларда өзінің тиімділігін көрсететін бірқатар схемаларды қолданады.