Қайталанатын гинекологиялық қатерлі ісікке жалпы вагинэктомия: жағдайлар қатары
Кілт сөздер:
рецидив, вагинэктомия, гинекологиялық қатерлі ісік, жатыр мойнының қатерлі ісігі (ЖМҚІ), аналық безінің қатерлі ісігі (АБҚІ), эндометрийдің қатерлі ісігі (ЭІ)Аңдатпа
Өзектілігі: Гинекологиялық қатерлі ісіктің вагинальды қайталануын емдеу стратегиясы күрделі клиникалық мәселе болып қала береді. Хирургия бұл жағдайлар үшін тиімді және салыстырмалы түрде қауіпсіз стратегия болып табылады. Вагинэктомия – гинекологиялық ісіктің жергілікті қайталануын хирургиялық емдеу әдістерінің бірі. Вагинэктомия жатыр мойны, аналық без және эндометрий ісіктерінің қынаптық қайталануының тиімді емі болып саналғанымен, вагинальды резекциялар туралы жарияланған бірнеше жариялымдар ғана табылды және көп жағдайда вагинальды резекциялар вагинальды және/немесе ашық қол жетімділік арқылы орындалды. Гинекологиялық қатерлі ісік кезінде аурудың қайталануы кезінде лапароскопиялық вагинальды резекция туралы бірнеше жариялымдар табылды.
Зерттеудің мақсаты – қайталанатын гинекологиялық қатерлі ісік кезінде вагинэктомияның тиімділігін зерттеу.
Әдістері: Вагинэктомиядан кейінгі 7 науқастың клиникалық жағдайларының деректері талданды.
Нәтижелерi: Науқастардың жасы 42-ден 62 жасқа дейін (медиана 53 жас). Операция ұзақтығы 240-тан 480 минутқа дейін өзгерді (орташа 317 мин), қан жоғалту көлемі 90-нан 220 мл-ге дейін (орташа 140 мл), резекция шекаралары барлық жағдайларда теріс болды. 2 науқасқа несепағар катетері қойылды. Фолей катетері орташа 10 күннен кейін (диапазон 1-ден 11 күнге дейін) жойылды. Науқастардың ауруханада болу ұзақтығы 7 күннен 14 күнге дейін (медиана 7 күн) болды. Операция кезіндегі асқынулар болған жоқ. Вагинэктомиядан кейінгі барлық науқастар тірі.
Қорытынды: Қынаптық рецидив гинекологиялық қатерлі ісік кезіндегі жергілікті қайталанудың ең көп таралған түрі болып табылады және емдеу тактикасына қатысты консенсус жоқ. Бұл мақала пациенттер саны бойынша біршама шектеулі болса да, біздің нәтижелеріміз қайталанатын вагинальды гинекологиялық қатерлі ісік кезінде вагинэктомияның тиімділігін көрсетеді.