Қатерлі аурулардың болжаушыларын анықтау үшін онкологиядағы Раман спектроскопиясы: әдеби шолу
DOI:
https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-2-76-495Кілт сөздер:
онкология, қатерлі ісіктер, оптикалық спектроскопия, болжаушылар, Раман спектроскопиясы, инфрақызыл спектроскопиясыАңдатпа
Өзектілігі: Мақаладаонкологиядағыісіктердіертедиагностикалауүшіноптикалықспектроскопияәдістері соның ішінде Раман спектроскопиясы (РС) тиімділігі бойыншағылымижарияланымдарғаәдебишолу берілген.
Зерттеу мақсаты – бұл әдебиеттік шолу бар деректерді жинақтау, Раман спектроскопиясы арқылы әртүрлі мүшеде орналасқан қатерлі ісікті зерттеуде тиімділігін талдау және олардың онкологиядағы диагностикалық әлеуетін бағалау болып табылады.
Материалдар мен тәсілдер: Әдеби шолу 2015 жылдан бастап 2025 жылдың мамыр айына дейінгі кезеңге арналған дерекқорлардағы мақалаларды іздеу және таңдау түйінді сөздерді қолдану арқылы жүзеге асырылды. Көшірмелерді жойғаннан кейін мақалалар олармен байланысты аннотациялар мен толық мәтіндерді қарау арқылы тексерілді. Барлық мақалалар зерттеу тобының авторларымен тексерілді. Іріктеу жасалған мақалалардың соңғы тізімі барлық авторлармен келісілгенге дейін жүргізіліп, 22 мақала іріктеліп алынды, қолда бар тиісті деректер сарапталып, шолу мақаласы түрінде жинақталды.
Нәтижелері: Онкологияда оптикалық спектроскопия (ОС) қатерлі ісіктерді диагностикалау, бақылау және болжау үшін тәжірбиеде және клиникалық зерттеулерде тиімді құрал болып табылатынын көруге болады. Эксперименталды зерттеулердің нәтижелерінде көретін болсақ соңғы 20 жылда РС әдістер қатерлі ісіктердің ерте диагностикасында 90% дәлдігі және арнайылығын көрсетті, сонымен қатар биологиялық жетімділікте қолжетімділігімен тиімді, яғни спектроскопияға қызығушылықтың артуының оның биологиялық матералды зерттеуде жылдамдылығы, нәтиженің айқындылығы мен мультикомплексті болуы себеп болып табылады. Шетелдік және отандық әдебиеттерді талдауда қолданылған Раман спектроскопиясын онкологиялық ауруларды диагностикалауда бірыңғай әдістемелер туралы егжей-тегжейлі техникалық деректер жоқ екенін көрсетті, бұл пайдалануды реттейтін хаттамаларды жүйелі оңтайландыру қажеттілігін көрсетеді.
РС әлі де жақсы түсінілмеген және кеңірек зерттеу қажет ететін және алынған нәтижелерді күнделікті тәжірибеге енгізуде ықпалы зор зерттеу әдістері болып табылады.
Қорытынды: РС соңғы жылдары ОС-да әдістерінің медицина саласында дамуы онкологиялық аурулардың пайда болу механизмінің жасушалық деңгейде терең зерттеуге және оның болжаушыларын анықтауға көмектеседі.