Өкпе обырының TNM-9 жіктемесінің ерекшеліктері және TNM-8 шектеулерінің интеграциясы
DOI:
https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-2-76-490Кілт сөздер:
өкпе обыры, сатылау, TNM, TNM-9Аңдатпа
Өзектілігі: Өкпе обыры бүкіл әлемде сонымен қатар Қазақстандада онкологиялық аурулар арасында сырқаттанушылық пен өлім-жітім бойынша алдыңғы орындарды иеленеді. Диагностика мен емдеу әдістері үздіксіз жетілдіріліп жатқан жағдайда, ісік процесін дәл сатылау пациенттерге ем жүргіз тактикасын таңдауда маңызды рөл атқарады. 2017 жылы енгізілген tumor-node-metastasis (TNM) жіктемесінің 8-ші басылымы сатылауға қатысты маңызды өзгерістер енгізіп, оның дәлдігін арттырған болатын. Алайда жиналған мәліметтер медиастинальды лимфа түйіндері мен жайылмалы метастаздарды бағалауда қосымша нақтылықты қажет ететінін көрсетті. Осыған байланысты, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап маңызды өзгерістерді қамтитын TNM-нің 9-шы басылымы қолданысқа енді және бұл радиологиялық практикаға бейімделуді талап етеді.
Зерттеудің мақсаты – Өкпе обырының TNM жіктемесінің 8-ші және 9-шы редакцияларын салыстыра талдау жүргізіп, сатылаудың дәлдігін арттыру және ем кезіндегі мультидисциплинарлық жоспарлауды тиімді ұйымдастыру мақсатында негізгі өзгерістерді анықтау.
Әдістері: Осы зерттеуде TNM жіктемесінің 9-шы редакциясын 8-ші редакциямен салыстырғанда енгізілген өзгерістер құрылымды түрде қаралып, негізінен N және M категорияларының трактовкасына назар аударылды. Талдау барысында Өкпе обырын зерттеу бойынша халықаралық қоғамның (IASLC) клиникалық ұсыныстары және ісік процесінің сатылауындағы қазіргі әдістемелерді көрсететін заманауи басылымдар пайдаланылды.
Нәтижелері: TNM жіктемесінің тоғызыншы редакциясында N және M категориялары нақтыланып, N2a/N2b және M1c1/M1c2 жаңа подкатегориялары енгізілді. Сонымен қатар, T және N категорияларының кейбір комбинацияларының сатылауы қайта қаралды. Лимфа түйіндерінің анатомиялық егжей-тегжейлі сипаттамасы мен метастаздардың жүйелік сипатына ерекше мән берілді.
Қорытынды: TNM-9 жаңа ережелерін түсіну сатыны дәлірек бағалауға, мультидисциплинарлық консилиумдардағы қарым-қатынасты жақсартуға және емдеу шешімдерін оңтайландыруға маңызды.