Қазақстандағы сүт безі қатерлі ісігінің эпидемиологиясы: 2015-2024 жылдардағы сырқаттанушылық, өлім-жітімді және аурудың сатыларын талдау
DOI:
https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-2-76-468Кілт сөздер:
эпидемиология, сүт безі қатерлі ісігі, Қазақстан, аурушаңдылық, өлім-жетім, өмір сүру, скринингАңдатпа
Өзектілігі: Сүт безі қатерлі ісігі (СБҚІ) ҚазақстанРеспубликасындағыәйелдердебарлыққатерліісіктердің таралуы бойыншабіріншіорында.2015-2024 жылдар кезеңіндесырқаттанушылықтыңтұрақтыөсуі байқалады,бұлреттеауруегдежастағытоптардағыәйелдердежиіанықталады. Іске асырылып жатқан скринингтікбағдарламаларғақарамастан, СБҚІ онкологиялықөлім-жітімнің маңыздысебебі болып қала береді.Алғаш рет сырқаттанушылық, өлім-жітім,кезеңділікжәнебес жылдық өмір сүрудинамикасынбағалайотырып, СБҚІ бойынша ұлттықдеректергекешенді10жылдықталдаужүргізілді.
Зерттеудің мақсаты – ауруды ерте анықтау және емдеу жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалау мақсатында ҚР әйелдерде СБҚІ 2015-2024 жылдардағы аурушаңдық, өлім-жітім, өмір сүру және сатылық көрсеткіштеріндегі өзгерістерді талдау.
Әдістерi: СБҚІ бойынша аурушаңдық пен өлім-жітімнің талдауы 2015–2024 жылдар аралығында №7 және №090/У нысандары, сондай-ақ онкологиялық регистр деректері негізінде жүргізілді. Демографиялық көрсеткіштер ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ашық деректерінен алынды. Статистикалық өңдеу SPSS бағдарламасының (23.0 нұсқасы) көмегімен сипаттамалық статистика әдістерін қолдану арқылы жүргізілді: орташа мәндер, сенімді аралықтар және көрсеткіштердің өзгеру қарқыны есептелді.
Нәтижелерi: Талдау кезеңінде СБҚІ бойынша аурушаңдықтың көрсеткіші 100 000 әйелге шаққанда 45,7-ден 47,6-ға дейін өсті, ал өлім-жітім 14,2-ден 7,8-ге дейін төмендеді. Бесжылдық өмір сүру 81%-ға артып, 16 740-тен 30 267 пациентке дейін өсті. Аурудың ерте сатыларында (I–II) анықталу үлесі 81,5%-дан 88,7%-ға дейін жоғарылады, ал III сатының үлесі екі есеге жуық қысқарды. Ең жоғары аурушаңдық 65–69 жас аралығындағы топта тіркелді.
Скринингпен қамту мен өлім-жітімнің төмендеуі арасында байланыс орнатылды. Алынған нәтижелер бұрын ұсынылған өңірлік деректерді нақтылайды және кеңейтеді және профилактикалық бағдарламаларды жетілдіру және онкологиялық көмектің тиімділігін арттыру үшін негіз бола алады.
Қорытынды: Қазақстанда СБҚІ аурушаңдығының тұрақты өсуі аясында өлім-жітімнің төмендеуі мен ерте диагностика деңгейінің жақсаруы байқалады. Бұл үрдістер скринингтік бағдарламалардың және онкологиялық көмектің тиімділігін көрсетеді, алайда IV сатыдағы жағдайлардың тұрақты деңгейі ерте жүгіну алдындағы кедергілерді жою қажеттігін көрсетеді.