T-регуляторлық жасушалардың қатерлі ісік дің жасушаларына тигізетін ықпалы: әдебиеттік шолу
DOI:
https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-3-77-450Кілт сөздер:
Регуляторлы Т-жасушалар , ісік бағаналы жасушалары, сүт безі обырының бағаналы жасушалары, колоректалды обырдың бағаналы жасушалары, глиобластома, онкологиялық аурулар, онкоиммунологияАңдатпа
Өзектілігі: Қазіргі онкологияның негізгі мәселелерінің бірі – ісіктердің терапияға төзімділігі және қайталану қаупінің жоғары болуы, бұл көбінесе ісік бағаналы жасушаларымен (ІБЖ) байланысты. Регуляторлы Т-жасушалар (Treg) ісік жасушаларының бағаналы фенотипін қолдайтын факторлардың бірі ретінде қарастырылады, алайда олардың өзара әрекеттесу механизмдері жеткілікті зерттелмеген. Сүт безі обыры (СБО), колоректалды обыр (КРО) және глиобластома (ГБМ) кезіндегі Treg пен ІБЖ әсеріне арналған зерттеулер санының артуына қарамастан, нәтижелер әлі де фрагментті және қарама-қайшы болып отыр. Бұл аналитикалық шолуды жүргізудің қажеттілігін айқындайды.
Зерттеу мақсаты – Treg пен ІБЖ өзара әрекеттесуіне қатысты эксперименттік, шолу және клиникалық деректерді жүйелеу және келешектегі зерттеулер мен терапевтік тәсілдерді айқындайтын гипотезаларды тұжырымдау.
Әдістер: Medline (PubMed), NCBI, Google Scholar деректер базаларында 2015 жылдан 2025 жылға дейін кешенді әдебиет іздеуі жүргізілді. Іздеу кезінде мына терминдер қолданылды: «T-regulatory cells» және/немесе «cancer stem cells» және/немесе «breast cancer stem cells» және/немесе «colorectal cancer stem cells» және/немесе «glioma stem cells».
Нәтижелер: Әдеби шолу Treg жасушаларының тікелей де, жанама түрде де негізгі сигналдық каскадтарды (TGF-β/SMAD, NF-κB/CCL1, IL-10/STAT3) белсендіріп, ісік жасушаларының бағаналы фенотипін қолдайтынын және олардың СБО, КРО және ГБМ кезінде қолайсыз болжаммен байланысты екенін көрсетті.
Қорытынды: Treg және олардың опосредиялайтын молекулалық механизмдері ісікке қарсы терапия үшін әлеуетті нысан ретінде қарастырылуы мүмкін, алайда клиникалық практикаға енгізу үшін қосымша эксперименттік және клиникалық зерттеулер қажет.