COVID-19 пандемия аясындағы сүт безі жергілікті ісігінің сәулелі терапиясының интенсификациясы
Кілт сөздер:
радиотерапия, сүт безі ісігі, дозаны гипофракциялауАңдатпа
Өзектілігі. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Республикасында сүт безі обырының үлес салмағы 14,5% (2019 жылы – 15,2%) халықтың екі жыныс бойынша қатерлі ісік ауруларының құрылымында бірінші орында тұр. Бұл жағдай 2004 жылдан бері тұрақты, сонымен қатар сүт безі қатерлі ісігі әйелдер онкопатологияссында бірінші орында және үнемі осы орынды иеленеді – 44,3%000 (2019 жылы – 51,6%000). 1980 жылдардың басында сүт безі обырына мамандандырылған көмек көрсету стандарты ретінде сәулелік терапия қолданылды. COVID-19 пандемиясының контекстіндегі қазіргі жағдай бізге басымдықтарды анықтау үшін қажетті денсаулық сақтау саласындағы қорларды қайтадан ұйымдастыру қажеттілігі, сонымен қатар радиациялық әдіс тиімділігінің экономикалық және клиникалық теңгерімі туралы маңызды мәселе туындады. Бұл әдебиет шолуда біз Американдық терапиялық радиология және онкология қоғамының (ASTRO) ұсыныстарында және радиобиологиялық аспектілерде ескерілген пациенттерді барабар таңдауға ерекше назар аудара отырып, гипофракцияланған сәулелік терапия бойынша негізгі рандомизирленген сынақтарын қарастырдық.
Зерттеу мақсаты: Негізгі рандомизирленген сынақтардың нәтижелерін талдау және әртүрлі гипофракциялау (ГФ) және стандартты фракциялау (СФ) режимдерін пайдалана отырып, сүт безі ісігін емдеу нәтижелерін салыстыру.
Нәтижелер: Негізгі рандомизирленген зерттеулердің нәтижелері бойынша гипофракцияланған режим қалыпты тіндерде болатын кеш әсер бойынша стандартты режимнен ерекшеленбейді және сонымен бірге онкологиялық процесті жақсы бақылауға қол жеткізіледі.
Қорытынды: ГФ өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдеді, сонымен қатар ерте кезеңдегі сүт безі обырын емдеуде кеш және/немесе жедел сәулелік уыттылық бойынша одан да жақсы көрсеткіштеге ие және болашақта сүт безін сақтайтын хирургиялық операциядан кейінгі ерте кезеңдердегі сәулелік терапияның жаңа стандарты болуы мүмкін.