^збекстан Республикасындағы ауыз қуысы мен жұтқыншақ обырының негізгі статистикалық к^рсеткіштерін талдау

Авторлар

  • Н.С. Каримова The Republican Specialized Scientific-Practical Medical Center of Oncology and Radiology
  • Ж.М. Алимов

Кілт сөздер:

epidemiology, malignant neoplasms of the oral cavity and pharynx, statistics.

Аңдатпа

Өзектілігі: 2020 жылғы GLOBOCAN – нің әлемдік мәліметтеріне сәй-кес, ауыз қуысы мен жұтқыншақ қатерлі ісігі бойынша болатын өлім-жітім 25-ші орынды алса (98,412 жағдай, қатерлі ісік ауруынан болатын барлық өлімнің 0,5%) диагноз қойылған жаңа жағдайлардың саны бо-йынша 26-шы орында (48,143 жағдай, қатерлі ісік ауруының 0,5%). Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың қатерлі ісігі бүкіл әлемде және Өзбекстан Республикасында тұрақты өсуде. Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың қа-терлі ісігі Өзбекстан Республикасында қатерлі ісік ауруының құрылы-мында 16-шы орында тұрса, 100 000 адамға 1,8 көрсеткіш.
Зерттеудің мақсаты Өзбекстан Республикасындағы ауыз қуысы мен жұтқыншақ ісіктерінің 2015-2021 жылдардағы негізгі статистикалық көрсеткіштерін талдау болды.
Əдістері: Өзбекстан Республикасында 2015-2020 жылдардағы ауыз қуысы мен жұтқыншақ ісіктерінің негізгі статистикалық көрсеткіш-тері «Қатерлі ісік жағдайлары туралы мәліметтер» № 7 есеп беру фор-масынан алынды.
Нәтижелері: соңғы алты жылда 100000 адамға шаққанда сырқат-танушылық көрсеткіші 2015 жылғы 1,4-тен 2020 жылы 1,8-ге дейін ұл-ғайды. 2015-2020 жылдары Өзбекстан Республикасында ауыз қуысы мен жұтқыншақтың қатерлі ісіктерінен 2240 науқас қайтыс болды. 100000 адамға шаққандағы өлім 2015 жылғы 1,4-тен 2020 жылы 1,2-ге дейін тө-мендеді.
Қорытынды: Өзбекстан Республикасында қатерлі ісік ауруының құ-рылымында ауыз қуысы мен жұтқыншақтың ісіктері 16-шы орында және өсу үрдісіне ие. Жақында ауыз қуысы мен фарингальды қатерлі ісік ауруы-ның өсуі және оны кеш анықтау диагноздың нашарлауымен түсіндіріледі.
Ауыз қуысы мен жұтқыншақ қатерлі ісігінен болатын өлім-жітімді тұ-рақтандыру Республика үшін әлеуметтік-экономикалық шығындарға алып келеді. Ұсынылған статистикалық деректер Өзбекстан Республи-касында ауыз қуысы мен жұтқыншақ қатерлі ісігінің аурушаңдығы мен өлім-жітім көрсеткіштерін жақсарту үшін негіз болып табылады.

Жарияланды

16.02.2022