Қазақстанда онкологиялық көмекті жетілдіру факторы ретінде медициналық персоналдың біліктілігін арттыру
DOI:
https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-1-75-421Кілт сөздер:
біліктілікті арттыру, медициналық персонал, онкологиялық көмек, білім беру, Қазақстан, инновация, кәсіби дамуАңдатпа
Өзектілігі: Жоғары білікті медициналық кадрларға, әсіресе онкология саласында өсіп келе жатқан қажеттілік персоналдың біліктілігін арттыруды онкологиялық көмекті жетілдірудің маңызды факторына айналдырады. Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан денсаулық сақтау жағдайында медицина қызметкерлеріне арналған білім беру бағдарламаларын олардың қолжетімділігін, жүйелілігін және практикалық бағыттылығын қамтамасыз ете отырып, қазіргі заманғы талаптар мен сын-тегеуріндерге бейімдеу қажет.
Зерттеудің мақсаты – "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ медициналық персоналының біліктілігін арттыру бағдарламаларының тиімділігін және олардың онкологиялық көмектің сапасына әсерін талдау.
Әдістері: Зерттеу деректерді жинаудың сандық және сапалық әдістерін қолдануды қамтиды. Жұмыс барысында "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ қызметкерлеріне сауалнама жүргізу, статистикалық ақпаратты талдау, сондай-ақ кәсіптік даярлық талаптарына сәйкестігін тестілеу қолданылды.
Нәтижелері: Білім беру бағдарламаларының қолжетімділігі мен жүйелілігіне, қызметкерлердің білім беруді жалғастыру мүмкіндіктері туралы хабардар болмауына, сондай-ақ бағдарламалардың медицина қызметкерлерінің өзекті кәсіби сұраныстары мен қажеттіліктеріне сәйкес келмеуіне қатысты негізгі проблемалар анықталды.
Қорытынды: Медициналық персоналдың біліктілігін арттыру бағдарламаларының тиімділігін арттыру үшін олардың қолжетімділігін жақсарту, практикалық бағыттылығын күшейту және оқытудың заманауи технологияларын енгізу қажет. Осы ұсынымдарды іске асыру медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейінің өсуіне ықпал етеді, бұл өз кезегінде Қазақстанда онкологиялық көмектің сапасын жақсартуға әкеледі.