Оттегіні экстракциялау, лактат деңгейін, орталық веноздық қандағы оттегінің парциалдық қысымын және венозды-артериялық көмірқышқыл газы айырмашылығын онкологиялық пациенттерде гемотрансфузия кезінде бағалау
DOI:
https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-1-75-417Кілт сөздер:
гемотрансфузия, анемия, оттегіні экстракциялауАңдатпа
Өзектілігі: Анемия – клиникалық практикада жиі кездесетін гематологиялық синдром, әсіресе онкологиялық пациенттер арасында оның жиілігі 40%-дан 90%-ға дейін жетеді. Анемияны түзетудің негізгі әдісі қан құю (гемотрансфузия) болып табылады, алайда гемоглобин (Hb) деңгейі трансфузияны тағайындаудың жалғыз критерийі болып қала береді, бірақ ол әрдайым тіндердің оттегіге қажеттілігін дәл көрсете алмайды. Осыған байланысты соңғы жылдары O₂ER (оттегі экстракция коэффициенті), PvO₂ (орталық веноздық қанның оттегі парциалдық қысымы), Lac (лактат) және ΔCO₂ (венозды-артериялық көмірқышқыл газы айырмашылығы) сияқты физиологиялық трансфузиялық триггерлер белсенді зерттелуде.
Зерттеудің мақсаты: Анемиясы бар онкологиялық пациенттерде гемотрансфузияның O₂ER, PvO₂, Lac және ΔCO₂ көрсеткіштеріне әсерін бағалау және оларды физиологиялық трансфузиялық триггерлер ретінде қолдану мүмкіндігін анықтау.
Материалдар мен әдістер: 107 онкологиялық пациент қатысқан проспективті обсервациялық зерттеу жүргізілді. Гемотрансфузия алдында және одан 1 сағат өткен соң пациенттерден артериялық және орталық веноздық қан алынды, Hb, PvO₂, Lac, O₂ER және ΔCO₂ деңгейлері өлшенді. Статистикалық талдау Уилкоксон тесті және Спирмен рангілік корреляция коэффициенті көмегімен жүргізілді.
Нәтижелер: Гемотрансфузиядан кейін негізгі көрсеткіштерде статистикалық тұрғыдан маңызды жақсару байқалды:
- O₂ER 35,4% (31,8; 41,9)-дан 29,3% (26,0; 33,4) дейін төмендеді (p<0,001);
- PvO₂ 34,8 (32,7; 38)-ден 36 (34; 39) мм.сын.бағ дейін артты (p=0,005);
- ΔCO₂ 7 (5,2; 8,6)-дан 6,3 (4,9; 7,7) мм.сын.бағ дейін төмендеді (p=0,004);
- Lac 1,1 (0,9; 1,7)-ден 1,0 (0,6; 1,55) ммоль/л дейін өзгерді (p=0,005), бірақ қалыпты шектерде қалды.
Корреляциялық талдау нәтижесінде PvO₂, ΔCO₂ және Lac көрсеткіштері бастапқы O₂ER деңгейімен айтарлықтай байланысы анықталды, бірақ гемоглобиннің бастапқы деңгейімен корреляция байқалған жоқ (p>0,05). Бұл Hb деңгейі оттегіні жеткізу қажеттілігін дәл көрсетпейтінін, ал физиологиялық маркерлер трансфузияны тағайындаудың сенімдірек критерийлері болуы мүмкін екенін дәлелдейді.
Қорытынды: Гемотрансфузиядан кейінгі O₂ER, PvO₂ және ΔCO₂ өзгерістері олардың физиологиялық трансфузиялық триггерлер ретінде қолданылу мүмкіндігін көрсетеді. Hb деңгейінен айырмашылығы, бұл параметрлер оттегімен қамтамасыз ету өзгерістерін дәлірек сипаттайды. Лактат Hb деңгейімен корреляцияланғанымен, оның деңгейі қалыпты диапазонда болғандықтан, оны сенімді трансфузиялық триггер ретінде қарастыру мүмкін емес. Болашақ зерттеулер физиологиялық трансфузиялық триггерлердің шекті мәндерін анықтау және олардың клиникалық нәтижелерге әсерін бағалау үшін қажет.