Онкологиялық науқастарға хирургиялық ота жасау кезінде мультимодалды анальгезияны қолданудың жаңа аспектілері: әдебиетке шолу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-1-75-407

Кілт сөздер:

мультимодальды анальгезия, қатерлі ісікпен ауыратын науқастар, ультрадыбыстық бақылаумен жасалынатын аймақтық блокадалар

Аңдатпа

Өзектілігі: Мультимодальды анальгезия онкологиялық науқастарда операциядан кейінгі ауырсынуды басқарудың маңызды құралы болып табылады. Ол жанама әсерлерді азайтатын, қалпына келтіруді жақсартатын және операциядан кейінгі кезеңде пациенттің өмір сүру сапасын жақсартатын кешенді тәсілді ұсынады.

Зерттеудің мақсаты: Онкологиялық хирургия үшін мультимодальды анальгезиядағы стратегиялар мен жаңа аспектілерді қарастыратын жүйелі шолулардан, мета-талдаулардан және рандомизацияланған бақыланатын сынақтардан ағымдағы дәлелдемелерді біріктіру. Маңызды аспект - қатерлі ісікке байланысты операция жасалған науқастарда ауырсынуды емдеудің тиімді әдістерін анықтау.

Әдістері: Қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға хирургиялық ота жасау кезінде мультимодальды анальгезияның әртүрлі әдістерін қолдану және салыстыру нәтижелеріне бағытталған рандомизацияланған бақыланатын сынақтар Cochrane Library, PubMed, Embase электронды базасында 2019-2024 жылдар аралығында ағылшын тілінде жарияланған жүйелі шолулар мен мета-талдауларды анықтау үшін іздестірілді.

Нәтижелері: Ірі ғылыми зерттеулер мен мета-анализдердің деректерін талдау нәтижесінде мультимодальды анальгезияда опиоидты сақтау әдістерінің артықшылығы, сондай-ақ ультрадыбыстық басқарылатын перифериялық блокадаларды кеңінен қолданылуы анықталды.

Қорытынды: Ацетаминофенмен және стероид емес қабынуға қарсы препараттармен (ҚҚСП) біріктірілген ропивакаинмен (аймақтық блокадалар) ауыруды басудың мультимодальды стандартталған әдісі қатерлі ісікке хирургиялық операция жасалған науқастарда анальгетикалық әсерге ие және операциядан кейінгі ерте қабыну реакцияларын тиімді тежей алады және жағымсыз реакциялар мен асқынулардың жиілігін арттырмай, операциядан кейінгі қалпына келтіруге ықпал ете алады.

Жүктеулер

Жарияланды

01.04.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Көрген адамдардың саны: 139