Саркомасы бар пациенттерге арналған реабилитация стратегиялары: әдебиеттерге шолу
DOI:
https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-1-75-405Аңдатпа
Өзектілігі: Заманауи емдеу әдістерінің арқасында саркомасы бар науқастардың өмір сүру деңгейі артады. Реабилитация агрессивті терапиядан туындаған физикалық және функционалдық шектеулерді азайтуға көмектеседі, психикалық денсаулықты жақсартады, әлеуметтік және кәсіби бейімделуге ықпал етеді. Саркома көбінесе еңбекке қабілетті жастағы адамдарға әсер ететінін ескере отырып, реабилитация дене функцияларын қалпына келтіруде, өмір сапасын жақсартуда және қоғамға оралуда шешуші рөл атқарады.
Зерттеудің мақсаты саркомасы бар науқастарды реабилитацияның заманауи тәсілдері туралы ғылыми әдебиеттерді талдау болып табылады.
Материалдары мен әдістері: Pubmed, Web of Science, Scopus және РҒДИ дерекқорларында «онко-ортопедия», «саркома», «реабилитация», «реабилитация шаралары» сияқты негізгі түйінді сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып мақалаларды іздеу және таңдау жүргізілді. Шолу 10 жылдан аспайтын осы шолудың тақырыбына қатысты мақалаларды қамтыды. Бір реттік бақылау есептері, корреспонденциялар, хаттар және адамдарда жүргізілмеген зерттеулер шолуға қосылмаған.
Нәтижелері: Мақалада саркомасы бар науқастардың реабилитациясының ең тиімді технологияларын таңдауға қатысты деректер және жаңа тәсілдер мен әдістерді тәжірибеге енгізу бойынша ұсыныстарға қатысты дәлелдер келтірілді.
Реабилитация бірнеше негізгі түрге бөлінеді: медициналық (физиотерапия жүргізу, дәрі-дәрмектер қолдану және т.б.), физикалық (қозғалыс функцияларын, үйлестіруді, күшті қалпына келтіруге негізделген), психологиялық (науқастың психоэмоционалдық жағдайымен жұмыс істеуді қамтиды), әлеуметтік (науқастың әлеуметтік белсенділікке оралуын, бейімделу кезеңінде көмек көрсетуді білдіреді), заманауи технологияларды пайдалану арқылы жүргізілетін реабилитация (роботтандырылған жүйелердің көмегі, толықтырылған виртуалды шындық компьютерлік симуляциясы, ақылды сағаттар мен фитнес-білезіктерді қолдану).
Саркомасы бар науқастарда функцияны оңтайландыру үшін көпсалалы және пәнаралық тәсіл аясында жеке таңдалған және бейімделген реабилитация концепциялары маңызды рөл атқарады.
Қорытынды: Саркомасы бар науқастардың реабилитациясы тек медициналық ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік міндет болып табылады. Науқастардың табысты сауығуы олардың белсенді өмірге толық оралуына ықпал етеді, бұл жалпы қоғам үшін үлкен маңызға ие.