Қатерлі тері меланомасын ерте сатыда анықтаудың заманауи әдістері: әдебиетке шолу
DOI:
https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-1-75-401Аңдатпа
Өзектілігі: Қатерлі тері меланомасы терінің қатерлі түзілістерінің ішіндегі ең қауіптісі болып табылады және дүние жүзі бойынша онкологиялық аурулар құрылымында тоғызыншы орында. Алдын алу шараларының қарапайымдылығы мен онкологиядағы визуалды түрде қолжетімді локализацияға жататынына қарамастан, терінің қатерлі меланомасымен сырқаттанушылық дүние жүзінде жыл сайын өсу үстінде. Сондықтан да, аурудың ерте сатыда анықтау мен алдын алу әдістерін жетілдіру бүгінгі таңда қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы маңызды міндет болып табылады. Ерте сатыда анықтау әдістерінің арасында «алтын стандарт» ретінде дерматоскопия болып қала бермек және заманауи жабдықтардың барлығы да осы әдіске негізделген. Сонымен қатар, сырқаттанушылық жоғары аймақтарда «отбасылық меланоманы» анықтайтын арнайы генетикалық тестілеу әдістері де қарастырылған.
Зерттеудің мақсаты: тері меланомасын ерте сатыда анықтаудың заманауи әдістерінің мүмкіндіктерін сипаттау.
Әдістері: Scopus, PubMed арнайы ғылыми іздеу жүйелері арқылы 2014-2024 жылдар аралығындағы дереккөздерден тері меланомасын ерте сатыда анықтаудың заманауи әдістері зерттелді.
Нәтижелер: Мақалада сипатталған дерматоскопия мен конфокальды микроскопия әдістері қарапайымдылығы мен қолжетімділігінің арқасында, бейінді дәрігерлердің бірінші кезектегі таңдау әдісі болып қалып отыр. Невисенс жүйесі арқылы жүргізілетін электроимпедансты спектроскопия әдісінің диагностикалық құндылығы жоғары болғанымен, науқас пен дәрігерге қолжетімсіз. Ұялы телефондағы дерматоскопиялық қосымшаларға негізделген жасанды интеллект технологиясының болашағы зор, себебі екі жаққа да қолжетімді ұялы телефон негізінде жасалған. Популяциядағы сырқаттанушылық көрсеткіштері жоғары дүние жүзінің аймақтарында отбасылық тұқым қуалайтын қатерлі тері меланомасын анықтауға CDKN2A геніне генетикалық тестілеу жүргізіледі.
Қорытынды: Технологиялық прогресстің жалғасуымен тері меланомасын диагностикалауда заманауи әдістердің қолданылуы тиімділік, үнемділік, қарапайымдылық, қолжетімділік сияқты принциптерге негізделуі керек.