Өкпе обырын ерте диагностикалау үшін аз дозалы компьютерлік томографияда Lung Cancer CT жасанды интеллект технологиясын қолдану

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52532/2521-6414-2024-4-74-357

Кілт сөздер:

жасанды интеллект (ЖИ), аз дозалы компьютерлік томография (АДКТ), өкпе обыры

Аңдатпа

Өзектілігі: Соңғы жылдары өкпенің аз дозалы компьютерлік томографиясын (АДКТ) жасағанда жасанды интеллект (ЖИ) технологиясын қолдану айтарлықтай артқандықтан оған деген назар да артып келеді. АДКТ өкпе ауруларын ерте анықтау және бақылау үшін кеңінен қолданылады, ал тиімді диагностика мен емдеу үшін зерттеуді нақты талдау өте маңызды.

Зерттеудің мақсаты – өкпе түйіндерін анықтау сезімталдығын және қатерлі мен қатерсіз үдерістерді ажыратудағы жасанды интеллект (ЖИ) жүйесінің диагностикалық тиімділігін клиникалық тәжірибеде бағалау, оны радиолог дәрігерлердің нәтижесімен салыстыру, сондай-ақ клиникалық қолдануға теориялық негіз ұсыну.

Әдістері: Зерттеу өкпе қатерлі ісігін скринингтеу бойынша пилоттық жоба аясында орындалған АДКТ скандарын ретроспективті талдауға негізделген. Ажыратылымы жоғары томографтарда аз дозалы стандартталған сканерлеу хаттамалары қолданылып, нәтижелерді тәжірибелі радиологтар мен көпжылдық тәжірибесі бар сарапшы интерпретациялады. Деректерді талдау және түйіндерді сегментациялау үшін заманауи терең оқыту платформалары (TensorFlow, PyTorch) қолданылды.

Нәтижелер: Біз жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша өкпедегі түйіндерді анықтауға арнап әзірленген Lung Cancer CT терең оқыту моделінің өкпе түйіндерін анықтауда сезімталдығы 63,4% (95% СИ: 54,0–72,8%) және арнайылығы 81,6% (95% СИ: 79,8–83,4%) екенін көрсетті.

Қорытынды: Аталмыш зерттеу жұмысы осыған дейінгі зерттеулерде көрсетілген ақпаратты растай отырып, ЖИ АДКТ талдауын жақсарта алатынын көрсетті. Алайда өкпе түйіндерін ерте анықтаудағы АДКТ сезімталдығы мен арнайылық көрсеткіштеріне қарамастан, ЖИ оларды анықтау үшін қосымша жетілдірулер мен дайындықты қажет етеді.

 

Жүктеулер

Жарияланды

06.01.2025