VATS бронхопластикалық лобэктомияны жүргізудің алғашқы тәжірибесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52532/2521-6414-2024-4-74-10-15

Кілт сөздер:

VATS, бронхопластика, ӨҰЖЕҚІ, sleeve резекциясы, лобэктомия.

Аңдатпа

ТҰЖЫРЫМ

Өзектілігі: өкпенің қатерлі ісігін хирургиялық емдеу тәуелсіз нұсқада да, кешенді және аралас емдеуде де ісікке қарсы терапияның негізгі радикалды әдісі болып табылады. Радикалды хирургиялық емдеу дегеніміз лимфодиссекциямен қоса өкпенің анатомиялық резекциясы болып табылады. Қазіргі заманғы онкохирургия онкологиялық радикализмді қадағалаумен ағзаны - және функционалдылықты сақтайтын операцияларды орындауға ұмтылуда. Видеоассистирленген торакоскопиялық хирургия (VATS) ашық дәстүрлі әдістерге балама болып табылады, бірақ техникалық жағынан қиынырақ және материалдық жағынан шығындылау. Дегенмен, келесі артықшылықтарға ие: операциядан кейінгі ауырсынуды азайту, плевраны дренаждау уақытын қысқарту, өкпе функциясын жақсырақ сақтау, стационарда аз болу, сондай-ақ науқастың әдеттегі өмір әрекеттеріне тезірек оралуы, хирургиялық қауымдастықты миниинвазивті әдістерді қолдануға көбірек сендіруде. Біз VATS тәсілімен бронхопластикалық лобэктомия операциясының алғашқы бақылауын береміз.

Зерттеудің мақсаты: пневмонэктомияға және бронхопластикамен дәстүрлі торакотомиялық лобэктомияға балама ретінде миниинвазивті бронхопластикалық лобэктомия жасау мүмкіндігін көрсету.

Әдістері: бұл жұмыста өкпенің ұсақ жасушалы емес қатерлі ісігі (ӨҰЖЕҚІ) бар науқасты бейнеторакоскопиялық хирургиялық емдеу жағдайы және операцияның техникалық ерекшеліктері сипатталған.

Нәтижелер: мақалада VATS бронхопластикалық лобэктомиясының ең жақын нәтижелері келтірілген, хирургиялық араласудың осы әдісінің тиімділігі көрсетілген.

Қорытынды: қазіргі уақытта біз Қазақстанда алғаш рет торакоскопиялық бронхопластикалық лобэктомия операциясын жасадық. Өз тәжірибемізді және шетелдік әріптестеріміздің тәжірибесін біле отырып, біз мұндай араласуды орталық өкпе ісіктері бар науқастар үшін жеткілікті қауіпсіз және тиімді әдіс деп санай аламыз.

Жүктеулер

Жарияланды

06.01.2025