Шымкент қаласы бойынша ауыз қуысының қатерлі ісіктерімен сырқаттанушылықты талдау
DOI:
https://doi.org/10.52532/2521-6414-2024-4-74-321Кілт сөздер:
ауыз қуысының қатерлі ісігі, қауіп факторлары, ауыз қуысы, профилактика, аурушаңдықАңдатпа
Өзектілігі: Қазақстанда ауыз қуысының қатерлі ісігінің негізгі себебі болып табылатын зиянды әдеттермен (темекі шегу, алкогольді ішу, есірткі қолдану және т.б.) өмір сүретін адамдардың саны еселеп өсуде. Ауыз қуысы қатерлі ісігі ұзақ уақыт симптомсыз жүретіндіктен,өте кеш сатысында анықталады. Бұл жағдайды алдын алу мақсатында халықты профилактикалық шаралармен ақпараттандыру, скринингтік тексерістер уакытылы өткізу болып табылады.
Зерттеу мақсаты: Шымкент қаласы бойынша 2019-2022 жылдарға арналған ауыз қуысы қатерлі ісігінен халықтың аурушаңдық және өлім-жітім көрсеткіштерін талдау.
Әдіс-тәсілдері: Шымкент қаласының онкологиялық диспансерінде 2019-2022 жж.аралығындағы ауыз қуысының қатерлі ісігі бар науқастарға ретроспективті зерттеу жүргізілді.
Нәтижелер: Шымкент қаласында осы патологияны ерте кезеңде анықтау пайызының төмендігі ауыз қуысы қатерлі ісігіктерін ерте анықтау бойынша Шымкент қаласындағы дәрігерлік амбулатория қызметінің жұмысын жандандыру қажеттілігін тудырады.
Қорытынды: Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында тек ауылдық жерлерде ғана емес, қалаларда да зиянды әдеттері бар 40 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер ауыз қуысы қатерлі ісігін ерте анықтау мақсатында жылына бір рет тексерілуден өтуді ұсынамыз.