Эпштейн-Барр вирусының және жұтқыншақ қатерлі ісікпен байланысты адам папилломавирусының диагностикалық және болжамдық маңызы: Әдебиетке шолу.
DOI:
https://doi.org/10.52532/2521-6414-2024-4-74-45-50Кілт сөздер:
Эпштейн-Барр вирусы (ЭБВ), адам папилломавирусы (АПВ), жұтқыншақ қатерлі ісігі, диагностикаАңдатпа
Өзектілігі: Жұтқыншақтың қатерлі ісігі (ЖҚІ) – Эпштейн-Барр (ЭБВ) және адам папиллома вирустарымен (АПВ) байланысты ауыз-жұтқыншақ пен мұрын-жұтқыншақ аймағындағы қатерлі ісіктер (МЖҚІ). Екі вирустың да онкогендік потенциалы бар, олар ЖҚІ патогенезіне әсер етеді.
Халықтың 90% - астамын ЭБВ жұқтырған және ол әртүрлі қатерсіз және қатерлі ауруларды тудыруы мүмкін. АПВ, әсіресе 16 және 18 типтері, ауыз-жұтқыншақ қатерлі ісігінің (АЖҚІ) негізгі онкогендік факторы болып табылады. АПВ өндіретін E6 және E7 ақуыздары p53 және Rb ісік супрессорларының әсерін бұзады, бұл жасушалардың бақылаусыз көбеюіне әкеледі.
ЭБВ жасырын ақуыздарды белсендіреді және иммундық жауапты реттейді, ал АПВ p53 және Rb инактивациясы арқылы жасуша циклін басқаруға әсер етеді. ЭБВ байланысты АЖҚІ қарағанда АПВ туындаған АЖҚІ жақсы болжамға емдеуге сезімталдығы жоғары болғандықтан ие болып саналады.
Зерттеудің мақсаты - бас және мойын ісіктерінің ерте диагностикасы мен бастапқы алдын алу бағдарламаларын жақсарту үшін ЭБВ және АПВ байланысты ЖҚІ диагностикалық және болжамдық маңыздылығын бағалау үшін әдебиет деректерін жүйелеу.
Әдістері: 2015 жылдан бастап PubMed және MedLine дерекқорларында зерттеудің негізгі сөздері бойынша әдеби шолу жүргізілді.
Нәтижелер: Зерттеулер ЭБВ және АПВ ЖҚІ диагностикасы мен болжауында маңызды екенін көрсетеді. Ісік жасушаларында ЭБВ болуы аурудың агрессивті ағымының белгісі бола алады, бірақ кейбір жағдайларда емдеудің жақсы нәтижелерімен де байланысты. Емделушілердегі АПВ оң ісіктері мен АПВ теріс ісіктері жағдайлармен салыстырғанда оң ісіктері жақсы болжамдар және емдеуге қолайлы жауап береді. Екі вирус та ЖҚІ патогенезінде маңызды рөл атқарады және олардың диагностикасы мен сипаттамасы емдеу тактикасына және аурудың нәтижесін болжауға айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Қорытынды: ЭБВ және АПВ ЖҚІ патогенезінде шешуші рөл атқарады, бірақ олардың әсер ету механизмдері мен клиникалық нәтижелері әртүрлі. ЭБВ көбінесе МЖҚІ — мен, ал АПВ АЖҚІ-мен байланысты, соңғысы батыс елдерінде жиі кездеседі және қолайлы болжамды көрсетеді. Болашақ зерттеулер осы вирустардың алдын-алу, диагностикалау және емдеудің тиімді әдістерін жасауға бағытталуы керек.