Колоректальды қатерлі ісікке жасушадан тыс нейтрофильді тұзақ деңгейлерін қолдану келешегі -әдебиеттерге шолу.
DOI:
https://doi.org/10.52532/2521-6414-2024-4-74-314Кілт сөздер:
жасушадан тыс нейтрофильді тұзақтар, нетоз, колоректальды қатерлі ісік, онкология, иммунология, биомаркерлерАңдатпа
Сәйкестік: Бұл жұмыста нейтрофилдердің иммундық реакциясының балама түрі-нетозға қабілеттілік немесе жасушадан тыс «тұзақтардың» пайда болуын (ЖТТ) бағалауға бағытталған зерттеу ұсынылған. ЖТТ қатерлі ісік канцерогенезі мен метастаз процесіне әсер етеді, ісік микроортасының және ісікпен байланысты қабынудың қалыптасуында рөлі атқарады. Нетоз процесінің зерттелуі ісік микроортасының жасушааралық өзара әрекеттесу механизмдерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. ЖТТ сонымен қатар әртүрлі онкологиялық аурулардың, сондай-ақ әсіресе колоректальды қатерлі ісіктің болжамды белгілері болуы мүмкін, тіпті ісікке қарсы емдеудің асқынуларының болжаушысы болуы мүмкін.
Зерттеудің мақсаты – бұл әдебиет шолу ЖТТ бойынша актуальды мәлімет жүйелеуге және жалпылауға, және осы феноменның тоқ және тік ішек обыры ағымына әсер етуіне арналған. Осы маркердін онкологиялық практикада потенциалдық клиникалық қолдануың анықтау үшін жасалынған.
Әдістер мен материалдар: Pubmed, Web of Science, Scopus, РИНЦ базаларының ішінен түйін сөздер бойынша ізделу және талдау жасалынды; осы әдебиет шолына кейінгі 10 жылдын көлемінде кірген жұмыстар алынды.
Нәтижелері: ЖТТ iciктік ойықша иммундық реакцияны қалыптастыруда және әртүрлі солидті ісіктердің метастаз беру процесінде маңызды рөл атқарады. ЖТТны әртүрлі онкологиялық ауруларда болжамды маркер ретінде пайдалану мүмкіндігі туралы деректер бар. Сондай-ақ, эксперименттік және клиникалық зерттеулер жүргізілді, олар ЖТТ деңгейлерінің ықтимал байланысын және химиотерапияға төзімділіктің қалыптасуын, сондай-ақ химиотерапияның әртүрлі асқынуларының жиілігіне әсерін көрсетті. Эксперименттік жұмыстардың нәтижелері бойынша 5-фторурацилмен химиотерапиясы ЖТТ түзілуін едәуір арттырады. ЖТТ босату механизміне әсері PIK3CA мутациясы бар колоректальды обыр бар пациенттерде химиотерапия жүргізуде шектеулі клиникалық тиімділікті көрсетті.
ЖТТ феномені әлі де жақсы зерттелмеген және бұл көрсеткішті күнделікті тәжірибеге енгізу үшін көбірек зерттеулер жүргізу қажет; дегенмен, осы бағыттағы зерттеулер клиникалық қолдану үшін келешекте үлкен нәтижелерге ие болуы мүмкін.
Қорытынды: Иммунологияның дамуы және нетоз процесінің ашылуы ісік микроортасындағы өзара әрекеттесу механизмдерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Бұл процессті зерттеу онкологиялық аурулардың дамуын және ісікке қарсы емдеудің асқынуларын бақылауға немесе болжауға мүмкіндік береді.