Қазақстанда алғаш рет орындалған жүрек аурулары және қатерлі ісіктер кезіндегі симультанды хирургиялық операциялар: жағдайлар сериясы

Авторлар

  • А.М. Абдикаримов национальный научный медицинский центр
  • А.Н. А.Н. Бекенова
  • Н.С. Нурмахан
  • Е.М. Шаяхметов
  • Т.У. Туганбеков

DOI:

https://doi.org/10.52532/2521-6414-20243-73-60-66

Кілт сөздер:

бір мезгілді ота, аортокоронарлы шунттау, жүректің ишемиялық ауруы, жүректің қақпақша аурулары, өкпенің қатерлі ісігі, аденокарцинома, бүйрек-жасушалы обыр, феохромоцитома

Аңдатпа

Өзектілігі: Жүрек аурымен қатар қосымша ісік ауруы бар науқастар үшін бір мезгілді хирургиялық араласу  таңдаулы әдіс болуы мүмкін. Дегенмен қәзіргі таңда осындай араласуда стандартты клиникалық нұсқаулар жоқ.

Зерттеудің мақсаты – жүрек патологиясымен қатар жүретін қатерлі ісіктерді бір мезгілде хирургиялық араласудың бірқатар клиникалық жағдайларын сипаттау, бұл араласу әдісінің өзектілігін бағалау және емдеу әдісі ретінде оның артықшылығымен кемшіліктерін талқылау.

Әдістері: Ретроспективті талдауға жүрек патологиясы және басқа ағзаларда қатерлі ісігі бар 13 науқас (8 ер және 5 әйел, жас аралығы - 49-74 жас) алынды. Ең жиі жүрек аурулары ол жүректің ишемиялық ауры және қақпақша ақауы, ал жүрекке жиі жасалатын ота - аортокоронарлы шунттау болды. Талдауға кеуде торының және іш қуысың түзілістері бар клиникалық жағдайлар алынды.

Нәтижелері: Бір мезгілде жасалатын отаның орташа ұзақтылығы 322±76 минут (орташа ± стандартты ауытқу, 220 дан 470 минутқа дейінгі диапазон), орташа қан жоғалту көлемі 342±242 мл (100 ден 1000 мл-ға дейінгі диапазон). Аураханада өлім-жітім 0% құрады, жан сақтау бөлімінде орташа 2,4 күн (1ден 5 күнге дейінгі диапазон), ал бейіндік бөлімде 11,6 күнді (5тен 21 күнге дейінгі диапазон) құрады. Барлық науқастар қанағаттанарлық жағдайда шығарылды, оларға қосымша хирургиялық араласусыз тек қана консервативті ем қолданыды. Шығарғаннан кейін бақылау кезеніңде 4 науқас 5 жылдың ішінде қайтыс болды.  1-жылдық, 2-жылдық, 3-жылдық өмір сүру уақыты сәйкесінше 92,3%, 76,9% және 69,2% құрады.

Қорытынды: Жүрек аурымен қатар қосымша кеуде торының және іш қуысың қатерлі ісіктері бар науқастарға бір мезгілді хирургиялық ем таңдаулы әдіс болуы мүмкін. Мұндай қатарлас ауруларды бір уақытта тиімді емдеуге болады. Бұл Орталық Азия аймағында және атап айтқанда Қазақстандағы жүргізілген мұндай бірінші зерттеу.

Қосымша файлдар

Жарияланды

01.10.2024