Реконструктивті қалпына келтіруші оталар сүт безі қатерлі ісігінің емінде хирургиялық оңалтудың нұсқасы ретінде: әдебиетке шолу

Авторлар

  • Д.С. Қадыр Медицинский Университет Караганды
  • Н.А. Кабилдина
  • Е.В. Крук
  • Ж.К. Кабилдин

DOI:

https://doi.org/10.52532/2521-6414-20243-73-84-91

Кілт сөздер:

сүт безі қатерлі ісігі (СБҚІ), реконструктивті-қалпына келтіру операциялары (РҚКО), хирургиялық оңалту

Аңдатпа

Өзектілігі: Бүгінгі таңда сүт безі қатерлі ісігі (СБҚІ) әйелдер арасында онкологиялық аурулардың құрылымында жетекші орын алады. ДДҰ мәліметтері бойынша, 2022 жылы бүкіл әлем бойынша 2,296,840 миллионнан астам бастапқы анықтау жағдайлары тіркелді, сәйкесінше бастапқы анықталған қатерлі ісіктің жалпы санының 11,7% - ы және аурудан 685 000-нан астам әйел қайтыс болды (жалпы өлімнің 6,9%). Хирургиялық әдіс жетекші болып қала береді және салыстырмалы түрде жас және жұмыс істейтін науқастарда ерте анықталудың артуына байланысты жылдан жылға жақсарады. Реконструктивті хирургия оңалту бағдарламасының құрамдас бөлігі ретінде танымал бола бастады.

Зерттеудің мақсаты - СБҚІ науқастардың хирургиялық оңалтуы кезінде реконструктивті-қалпына келтіру операцияларының (РҚКО) тиімділігін бағалау.

Әдістері: ғылыми жарияланымдарды іздеу 2014 жылдан бастап соңғы 10 жылда жарияланған Scopus, PubMed, e-Library дерекқорларында жүргізілді. Іздеу нәтижелері бойынша 2700-ден астам мақала табылды, оның ішінде қосу және алып тастау критерийлері бойынша 36 дереккөз таңдалды.

Нәтижелері: ісіктің орналасуына және патоморфологиялық сипаттамаларына байланысты СБҚІ бар науқастарды хирургиялық оңалту кезінде РҚКО қолдану тиімділігі анықталды. Пациенттердің эстетикалық нәтижеге қанағаттануы Breast-Q сауалнамасының көмегімен бағаланды.рандомизацияланған, бір орталықты және көп орталықты зерттеулердің, мета-талдаулардың нәтижелері бойынша СБҚІ емдеуде бір мезгілде де, кейінге қалдырылған РҚКО-ны қолдану үрдісінің тұрақты өсуі байқалды.

Қорытынды: РҚКО хирургиялық оңалтудың ең жақсы әдісі болып табылады. Бұл әдістің негізгі міндеті-онкологиялық қауіпсіздікті сақтай отырып, пациенттерде психосексуалдық әл-ауқаттың жоғары деңгейін және өмір сапасына қанағаттануды қамтамасыз ету. Осыған қарамастан, онкологиялық қауіпсіздік үнемі жетілдіруді және әдістердің әрқайсысын тереңірек зерттеуді қажет етеді. РҚКО-ның ерте және алыс нәтижелерін талдау эстетикалық тұрғыдан қауіпсіз және сенімді хирургиялық оңалту қажеттіліктеріне негізделген әрбір пациент үшін оңтайлы әдісті таңдауға мүмкіндік береді.

Қосымша файлдар

Жарияланды

02.10.2024