Семіздікпен байланысты сүт безі қатерлі ісігінің патогенезіндегі  миелоидты супрессорлық жасушалардың (MDSC) белсенділігін реттеудегі 223, 155 және 17~92 микроРНҚ-лардың рөлі

Авторлар

  • А.В. Лушова
  • С.А. Кан
  • Н. Абдолла
  • Ю.В. Перфильева
  • Н.А. Омарбаева
  • Ю.Р. Абдусаттарова
  • В.О. Остапчук
  • Е.О. Остапчук Институт молекулярной биологии и биохимии имени М.А. Айтхожина

DOI:

https://doi.org/10.52532/2521-6414-20243-73-37-44

Кілт сөздер:

микроРНҚ, семіздік, сүт безі қатерлі ісігі, миелоидты супрессорлық жасушалар

Аңдатпа

Өзектілігі: Сүт безінің қатерлі ісігі (СБІ) бүкіл әлемде таралуының жоғары болуына байланысты өзекті жаһандық денсаулық мәселесі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, жыл сайын 2,3 миллионнан астам адамнан СБІ анықталады, сондай-ақ бүкіл әлемде әйелдердің қатерлі ісік ауруымен өлімінің басты себепшісі болып табылады. Семіздік сүт безі қатерлі ісігінің даму қаупін арттыратыны белгілі және миелоидты супрессорлық жасушалар (MDSC) сүт безі қатерлі ісігінің де, семіздіктің де патогенезінде маңызды рөл атқарады. MDSC-тің негізгі функциясы тіндерді қалпына келтіру және жараларды емдеу болып табылады, ол бақыланбайтын қабынудың алдын алуға және иммундық гомеостазды сақтауға көмектеседі. Дегенмен, созылмалы қабынудың ұзаруы MDSC-дің кеңеюіне және иммуносупрессиялық белсенділігінің жоғарылауына әкеледі. Семіздік кезіндегі сүт безі қатерлі ісігінің дамуының патологиялық процесі және осы процесте индукцияланған MDSC рөлі молекулалық деңгейде әлі де аз зерттелген. Соңғы жылдары дүниежүзілік ғылыми қоғамдастықта микроРНҚ-ны зерттеуге олардың әртүрлі жасуша типтерінің әртүрлі биологиялық процестеріндегі реттеуші рөліне байланысты үлкен қызығушылық пайда болды. Соңғы онжылдықта жүргізілген зерттеулер онкологиялық аурулардағы микроРНҚ және MDSC арасында өзара байланыстың болуын көрсетті.

Зерттеудiң мақсаты - семіздікпен байланысты сүт безі қатерлі ісігінің даумуына және MDSC белсенділігіне микроРНҚ әсер ету механизмдерін ашу үшін мәліметтерді жинақтау.

Әдістерi: Бұл жұмыс бойынша 2024 жылдың 7 маусымына дейінгі интернетте, Medline (PubMed) және Google Scholar дерекқорларындағы мәліметтерден «сүт безі ісігі» және/немесе «cеміздік» және/немесе «MDSC» және/немесе «микроРНҚ» салаларындағы әдебиеттерге жан-жақтылы іздеу жүргіздік. Әдебиеттерді талдау нәтижесінде ең маңызды нысандар ретінде микроРНҚ-223, -155 және -17~92 таңдалды.

Нәтижелерi: Шолуда негізгі сигналдық микроРНҚ-лардың (микроРНҚ-223, -155 және -17~92) экспрессиясының динамикасы, сондай-ақ олардың сүт безі қатерлі ісігінің, семіздіктің патогенезіндегі және MDSC белсенділігін реттеудегі рөлі туралы қазіргі уақытта қолда бар деректер ұсынылды. Сондай-ақ, микроРНҚ деректері арқылы семіздікпен байланысты сүт безі ісігі кезінде MDSC жасушасының екі бағытты реттелуі бойнша мәліметтер қортыланды.

Қорытынды: Әдебиет деректерін талдау нәтижелері бойынша микроРНҚ -223, -155 және -17~92 патологиялық метаболикалық бұзылулармен және MDSC функционалдық белсенділігінің бұзылуымен байланысты қатерлі ісіктің  оның ішінде сүт безі ісігінің перспективалы диагностикалық және емдік биомаркерлері болуы мүмкін.

Қосымша файлдар

Жарияланды

02.10.2024