Қалқанша безінің ауруларын диагностикалауда бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томографияның сандық бағалауың мүмкіндіктері

Авторлар

  • Л.К. Абдрахман АО «Казахский научно-исследовательский институт онкологии и радиологии»
  • Ж.М. Аманкулов
  • Д.Р. Кайдарова
  • А.А. Ибраев
  • А.К. Сәдібекова
  • Ж.С. Әбдрасилова

DOI:

https://doi.org/10.52532/2521-6414-20243-73-25-31

Кілт сөздер:

қалқанша безі, түйін, бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томография (БФЭКТ), радиофармдәрі (РФД), РФД- тің жинақталуының, сандық бағалау

Аңдатпа

Өзектілігі: Қалқанша безінің негізгі патологияларына гипертиреоз, гипотиреоз, түйінді зоб, аутоиммунды аурулар және қа-
терлі ісік жатады. Қазақстан Республикасында диагностика мен емдеудің неғұрлым тиімді әдістерін талап ететін ҚБ ауруымен ауыратын науқастар санының артуы байқалады.
Зерттеудің мақсаты - ҚБ-нің патологиясын зерттеу кезінде натрий пертехнетатын (99mТс) қолданып БФЭКТ-ның сандық пара-
метрлерінің диагностикалық мәнін анықтау болып табылады.
Әдістері: Зерттеу барысында 112 науқастың деректері қамтылды. ҚБ-дің сцинтиграфиясы Philips Forte гамма камерасы және радионуклидті препарат – 99mТс көмегімен жүргізілді. Нәтижелердің статистикалық талдауы кезінде, boxplot диаграммасы көмегімен деректер визуализацияланды және SPSS-тің 21.0 нұсқасы мен Microsoft Office Excel бағдарламалық құралы пайдаланылды.
Нәтижелері: 112 науқастардың 96 (85,7%) әйелдер, 16 (14,3%) ер адамдар болды. Зерттеу жүргізілген науқастардың жасы
10-нан 89 жас аралығында болды, ал орташа жасы 50,9 құрады. Енгізілген радиофармдәрмектің (РФД) 99mТс-дің белсенділігінің медианасы 160 МБк құрады.
Талдау ҚБ-інің БФЭКТ-лық зерттеуінен өткен науқастардың үлкен үлесі 55 жастан асқан (37,5%) жас тобы екенін көрсетті. ҚБ-інің түйіндерінің таралуына келетін болсақ, 47 (42%) пациентте түйінді түзілімдер болды, оның ішінде 25 (53,2%) «ыстық», 20 (42,6%) «суық» және 2 (4,3%) – «жылы» болды. ҚБ-нің Түйінді формациясы бар науқастардың жіктелуінде: 13 (27,7%) диффузды зобпен, 19 (40,4%) – түйінді зобпен, 12 (25,5%) – аутоиммунды тиреоидитпен (АИТ) және 3 (6,4%) – қатерлі ісікпен ауырғанын көрсетті. Диагнозға байланысты ҚБ-де РФД-тің жинақталуының таралуын талдау кезінде, препараттың жинақталу медианасы қатерлі ісік кезінде 0,6, АИТ-те – 1,15, ал диффузды және түйінді зобта сәйкесінше 1,5 және 1,7-ні құрайтыны анықталды.
Қорытынды: Біздің зерттеуіміз ҚБ-дегі әртүрлі білінулер мен патологиялық процестерді түсіну үшін БФЭКТ сандық параметрлерінің маңыздылығын растайды.

Қосымша файлдар

Жарияланды

01.10.2024