Балалардағы жедел лейкоздардағы перифериялық қан лимфоциттерінде және бласт жасушаларында апоптоз маркерлерінің экспрессиясын талдау
DOI:
https://doi.org/10.52532/2521-6414-2024-4-74-299Кілт сөздер:
острый лейкоз, бластные клетки, маркеры апоптоза, Bcl-2, CD95Аңдатпа
Өзектілігі: Жедел лейкоз емінің тиімді тәсілдерін және емнің барысын болжау әдістерін іздеу онкогематологияның өзекті мәселесі. Бұл саладағы перспективалық бағыт химиотерапия барысында жасуша бетіндегі молекулалық маркерлер экспрессиясының өзгеруін зерттеу болып табылады.
Зерттеудің мақсаты – алғаш рет анықталған жедел лейкозы бар науқастарда перифериялық қан лимфоциттерінде және сүйек кемігінің бласт жасушаларында аннексин V, Bcl-2, CD95, p53 ақуыздарының экспрессиясын зерттеу.
Әдістері: Зерттеу дизайны – көлденең. Зерттеу әдісі: иммунофенотиптеу. Зерттеу материалдары 1 айдан 16 жасқа дейінгі "жедел лейкоз" диагнозы қойылған 106 пациенттің перифериялық қаны мен сүйек кемігі (зерттеу тобы) және 2 жастан 17 жасқа дейінгі шартты түрде сау 23 баланың перифериялық қаны (бақылау тобы) болды. Алынған мәліметтер статистикалық өңдеуден өтті.
Зерттеу нәтижелері: В-жасушалы жедел лейкоздарда BCL-2 экспрессиясын зерттеу сенімді айырмашылықтарды анықтаған жоқ, перифериялық қан лимфоциттеріндегі Т-жасушалы лейкоздарда бұл маркер бласттарға қарағанда сенімді түрде көбірек көрсетілді. Жедел миелобластты лейкозда BCL-2 экспрессиясы лимфоциттермен салыстырғанда бласттар популяциясында айтарлықтай жоғары болды. CD95 экспрессиясы лимфобластты лейкоздарда бласт жасушаларының мембранасына қарағанда перифериялық қан лимфоциттерінде айтарлықтай жоғары болды. Аннексин V экспрессиясын талдау ерте апоптоз маркерының экспрессиясы лимфоциттерде жоғары екенін анықтады. Бұл ісікке қарсы иммунитеттің төмен екенін көрсететін белгі. Лимфоциттер мен бласт жасушаларының бетіндегі р53 ақуызының экспрессиясын салыстырмалы талдау лейкоздың әртүрлі варианттарында сенімді айырмашылықтарды анықтаған жоқ.
Қорытынды: Жүргізілген зерттеудің нәтижесі жедел лейкоз кезінде BCL-2 және CD95 болжамдық маңыздылығының болуын көрсетті. Annexin V және p53 сенімді сезімталдық пен ерекшелікті анықтаған жоқ, бұл лейкоздың иммунофенотиптік панеліне осы маркерлерді қоспауға мүмкіндік береді.