Оң жақ қолтық асты аймағының жұмсақ тіндерінің миоэпителиальды карциномасы соқыр ішекке метастазданумен: клиникалық жағдай

Авторлар

  • М.А. Айтмагамбетова Западно-Казахстанский медицинский университет имени Марата Оспанова
  • А.К. Койшыбаев
  • Г.А. Смагулова
  • А.В. Жумашева
  • Н.М. Кереева
  • А.Б. Туляева
  • Д.А. Койшыбаева
  • А.Б. Жарылгапов
  • Н.М. Иманбаев
  • Г.Б. Бакытжанов
  • Д.А. Жолмухамедова

Кілт сөздер:

миоэпиелиальды карцинома, соқыр ішек, иммуногистохимия, клиникалық жағдай

Аңдатпа

Өзектілігі: Миоэпителиальді карцинома – морфологиялық жағынан алуан түрлі ісік, ол жаңадан немесе оның қатерсіз аналогының, яғни миоэпителиоманың қатерлі трансформациясы нәтижесінде пайда болады. Бұл бас және мойын аймағында сирек кездесетін салыстырмалы түрде аз белгілі зақымданулар.

Миоэпителиальды карцинома (MК) – сирек кездесетін қатерлі ісік, негізінен сілекей безінде кездеседі. МК-ны сілекей бездерінен тыс пайда болатын көптеген басқа ісіктермен шатастыруға болады, өйткені олар цитоморфологиялық және иммуногистохимиялық белгілердің кең ауқымымен сипатталады. Жұмсақ тіндердің MК өте сирек кездеседі, дегенмен оның сілекей безіндегі аналогы салыстырмалы түрде жиі кездеседі және ұқсас морфологиясымен жақсы белгілі. Жұмсақ тіндердің МК гистогенезі әлі белгісіз. Ісік миоэпителиальды дифференциацияға ие болуы мүмкін, бірақ миоэпителиальды жасушалардан туындамайды. Жұмсақ тіндердің миоэпителиальды карциномасының сирек болуына байланысты бірнеше зерттеулер ғана хабарланды. Сонымен қатар, белгілі бір диагностикалық критерийлер мен болжамдық параметрлердің шектелуі жұмсақ тіндердің миоэпителиальды карциномасын диагностикалау мен емдеуді қиындатады. Мұнда біз соқыр ішекке метастазбен қолтық астының жұмсақ тінінен пайда болатын миоэпителиальды карциноманың сирек жағдайын сипаттаймыз.

Зерттеудiң мақсаты – ауруды түсінуді жақсарту үшін соқыр ішекке метастаз берген қолтық асты жұмсақ тінінің миоэпителиальды карциномасының бейнелеу және клиникопатологиялық ерекшеліктерін сипаттау.

Әдістері: Біз соқыр ішекке метастазбен қолтық асты аймағының жұмсақ тіндерінің МК сирек жағдайын хабарлаймыз. 57 жастағы әйел 2020 жылдың қазан айында оң жақ қолтық асты аймағындағы лимфаденопатияға шағымданып келді.

Нәтижелері: оң жақ қолтық асты аймағында лимфа түйіні 3,0х3,5 см-ге дейін гистопатологиялық және иммуногистохимиялық мәліметтері бойынша 02.03.2022 ж. қорытынды диагноз қойылды: оң жақ қолтық асты аймағының жұмсақ тіндерінің миоэпителиальды карциномасы. Позитронды-эмиссиялық томография/компьютерлік томография (ПЭТ/КТ) сәйкес 4 айдан кейін соқыр ішек проекциясында белсенді жинақталудың жергілікті ошағы анықталды, параколикалық топтың көршілес аймақтық лимфа түйіні ұлғайған. 2023 жылдың 18 қаңтарында келесі көлемде хирургиялық ем жүргізілді: «Оң жақты гемиколэктомия». Гистологиялық зерттеу нәтижесі: миоэпителиальды карцинома. Көп бейінді топтың шешімі бойынша науқасқа мақсатты терапияның 3 курсы тағайындалды.

Қорытынды: Жағдай туралы есеп хабардарлықты арттыруға және миоэпителиальды карциномалардың диагностикасы мен емдеу көрсеткіштерін жақсартуға қызмет етеді.

Жүктеулер

Жарияланды

06.09.2024