Сүт безі қатерлі ісігі бар әйелдердің өмір сапасы: әдебиетке шолу
DOI:
https://doi.org/10.52532/2521-6414-20243-73-75-83Кілт сөздер:
әйел, сүт безі қатерлі ісігі, өмір сапасы, физикалық денсаулық, психологиялық денсаулық, әлеуметтік денсаулық, сексуалды денсаулықАңдатпа
Өзектілігi: Қазір сүт безінің қатерлі ісігі (СБҚІ) әйелдер арасында ең көп таралған қатерлі ісік болып табылады және статистика аурушаңдықтың тұрақты өсуін көрсетеді. Соңғы онжылдықтарда осы диагноз анықталған әйелдердің өмір сүру сапасын зерттеуге көбірек көңіл бөлінді. Өмір сапасы денсаулықтың төрт негізгі аспектісі бойынша бағаланады: физикалық, психологиялық, әлеуметтік және сексуалды. Сүт безі қатерлі ісігі бар әйелдердің өмір сүру сапасын зерттеу кезінде осы аспектілердің барлығын ескеру өте маңызды. Қазіргі заманғы медицинада өмір сапасын бағалау әдістері кеңінен қолданылады, өйткені олар пациенттерді емдеуге дейінгі өмір сүру сапасын бағалауға және терапия процесінде оның өзгеруін бақылауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты – денсаулықтың физикалық, психологиялық, әлеуметтік және сексуалды аспектілерін ескере отырып, сүт безі қатерлі ісігі бар әйелдердің өмір сүру сапасын бағалауға арналған ғылыми зерттеулерді зерттеу. Осы зерттеу аурудың әйелдер денсаулығының аспектілеріне әсерін терең түсіну қажеттілігімен негізделген, ал бұл қазіргі проблемалар мен қажеттіліктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістері: Түйінді сөздер бойынша Scopus, PubMed, ScienceDirect, Web of Science, eLibrary ғылыми дерекқорларынан дереккөздерге аналитикалық шолу жүргізілді. Барлығы 185 дереккөз талданды, оның 46-сі шолуға енгізілген. Әдебиет шолуына енгізілген жарияланымдар ағылшын және орыс тілдеріндегі ашық толық мәтінді мақалалар болды.
Нәтижелері: Алынған нәтижелер СБҚІ кейін реконструктивті-пластикалық операциядан өткен пациенттердің радикалды мастэктомиядан өткендермен салыстырғанда өмір сүру сапасы жоғары екенін көрсетті. Бұл физикалық және психологиялық функцияның жақсаруымен, сондай-ақ ауырсынудың төмендеуімен расталады. Алайда барлық әйелдер СБҚІ-н емдегеннен кейін өмір сапасының жалпы төмендеуін сезінеді, әсіресе эмоционалды және сексуалды салаларда, бұл диагноз бен емдеуден туындаған күйзеліске, сондай-ақ дене бейнесінің өзгеруіне және сексуалды өзін-өзі анықтауға байланысты.
Қорытынды: Зерттеу нәтижелері әртүрлі емдеу әдістерінің СБҚІ бар әйелдердің өмір сапасына әсерін көрсетеді, бұл олардың физикалық, психологиялық, әлеуметтік және сексуалды денсаулығын жақсарту үшін негізделген шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл СБҚІ бар әйелдердің жалпы өмір сүру сапасын арттыру үшін тиімді оңалту және қолдау бағдарламаларын әзірлеуге ықпал етеді.