Төмен дозалы компьютерлік томография көмегімен өкпенің қатерлі ісігінің скринингі: әдебиетке шолу

Авторлар

  • З.К. Авизова НАО «Западно-Казахстанский медицинский университет имени Марата Оспанова»
  • Е.М. Изтлеуов
  • А.О. Мысаев

Кілт сөздер:

ерте анықтау, төмен дозалы компьютерлік томография (ТДКТ), өкпе обыры, өкпедегі түйіндер, скрининг

Аңдатпа

Өзектілігі: 2022 Өзектілігі: Өкпенің қатерлі ісігі онкологиялық аурулар арасындағы өлім-жітімнің негізгі себебі болып табылады және бүкіл әлемде жаңа жағдайлардың саны бойынша жетекші орын алады. Симптомдарды ерте анықтау, дәл диагноз қою және тиімді емдеу өкпенің қатерлі ісігі жағдайында өміршеңдікті арттыру үшін аса маңызды табылады. Төмен дозалы компьютерлік томографияға (ТДКТ) негізделген скринингтік бағдарламалар өкпенің қатерлі ісігін ерте анықтаудың болашағы мол әдісі болып табылады, бұл өз кезегінде өлім-жітімді айтарлықтай төмендетіп, пациенттердің өмір сүру мүмкіндігін арттырады.

Зерттеудің мақсаты – төмен дозалы компьютерлік томографияны қолдана отырып өкпенің қатерлі ісігінің скринингісін жүргізу бойынша шетелдік ғылыми басылымдарға шолу.

Әдістері: Жұмыс мақалалар, мета-талдаулар, жүйелі шолулар және шолулардың материалдары бойынша ТДКТ пайдалана отырып өкпе обырын скринингтеу бойынша шетелдік рандомизацияланған бақыланатын зерттеулердің (РБЗ) нәтижелерін қамтиды. енгізілді. Алып тастау критерийлері: 2013 жылға дейін жарияланған басылымдар; көпшілікке ұсынылмаған басылымдар. Іздеу нәтижелері бойынша 369 мақала табылды, соның ішінде 39 әдеби дереккөзге сілтеме жасалды. Іздеу тереңдігі 10 жыл болды (2013-2023).

Нәтижелері: ТДКТ қолдана отырып өкпенің қатерлі ісігін скринингтеу әдісінің тиімділігін растайтын шетелдік зерттеулерге талдау жасалды. РБЗ-дің, мета-талдаулардың, жүйелі шолулардың және шолулардың нәтижелері туралы мәліметтер осы әдістің өкпенің қатерлі ісігін ерте сатыларында анықтауда, демек, өмір сүруді арттырудағы және өлімді азайтудағы мүмкіндігін растайды.

Қорытынды: ТДКТ өкпенің қатерлі ісігінен болатын өлім-жітімді төмендетуде тиімді екенін дәлелдеді, бұл көптеген зерттеулердің нәтижелерімен расталды. Дегенмен, өкпенің қатерлі ісігінің скринингі бағдарламасын енгізу стратегиясы ол жүзеге асырылатын елдің денсаулық сақтау жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, әрбір елде өзіне тән ерекшелікпен жүзеге асырылуы керек. Оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу үшін скринингті енгізу әдісі, соның ішінде оның экономикалық тиімділігін талдауды қоса алғанда, сондай-ақ ұзақ мерзімді нәтижелерді және ықтимал жағымсыз әсерлерді бағалау бойынша қосымша зерттеулер қажет.

Жүктеулер

Жарияланды

06.09.2024