Колоректальды қатерлі ісіктің бастапқы локализациясының KRAS мәртебесіне және оның болжамдық мәніне әсері
Кілт сөздер:
тоқ ішек қатерлі ісігі, тік ішек қатерлі ісігі, сигма тәрізді ішектің қатерлі ісігі, KRAS мутацияАңдатпа
Өзектілігі: Асқазанның Өзектілігі: Тоқ ішектің оң және сол жақ бөлімдерінде дамитын қатерлі ісік жеке клиникалық-патологиялық бірлік болып саналады. Kras мәртебесі және оның колоректалды қатерлі ісік кезіндегі болжамдық маңызы түбегейлі анықталмаған болып отыр.
Зерттеудің мақсаты – ісіктің бастапқы орналасуының CRR-дегі KRAS генінің күйіне әсерін зерттеу.
Әдістері: Зерттеуге тоқ ішек және тік ішек қатерлі ісігімен ауыратын 60 науқас қатысты. KRAS мутация сынағы ПТР әдістерін қолдана отырып, парафинге құйылған ісік үлгілерінде жүргізілді. Тоқ ішек қатерлі ісігі тоқ ішектің оң жақ қатерлі ісігі және сол жақ ішек қатерлі ісігі болып бөлінді.
Нәтижелері: KRAS мәртебесіне қатысты тоқ ішек қатерлі ісігі мен тік ішек қатерлі ісігінің арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. KRAS мутациясы тік ішектің және сигма тәрізді ішектің қатерлі ісігінде жиі кездесетіні анықталды (p=0,413). Біздің деректеріміздің және алдыңғы жарияланған деректердің біріктірілген нәтижелері KRAS мутациясы сол жақ тоқ ішек қатерлі ісігіне қарағанда оң жақ тоқ ішек қатерлі ісігінде, әсіресе бауыр иілімі аймағында орналасуы бойынша жиі кездесетінін көрсетті (p=0,120). KRAS мутациясы науқастың жасына (p<0,012) және ауруханаға жатқызу ұзақтығына (p<0,001) байланысы анықталды.
Қорытынды: Біздің зерттеуіміз тоқ ішек және тік ішек қатерлі ісігі арасындағы KRAS мәртебесінде айтарлықтай айырмашылықтың жоқтығын көрсетті. Алайда, KRAS мутациясы қатерлі ісіктің оң жақпен салыстырғанда сол жақ тоқ ішекте әлдеқайда жиі кездеседі. Бұл жағдайда KRAS мутациясы бар оң жақ тоқ ішек қатерлі ісігі кезінде науқастардың өмір сүру ұзақтығы және ауруханада болу ұзақтығы жағынан жабайы типтегі KRAS-пен салыстырғанда нашар болжамға ие болды, бірақ сол жақ тоқ ішектің қатерлі ісігі кезінде мұндай әсер байқалмады.