COVID-19 кезіндегі гемобластозды кешенді терапияның нәтижелері: «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС КИ-1 бөлімшесі негізіндегі моноорталық тәжірибесі (Астана, Қазақстан)

Авторлар

  • Р Вильданова
  • А Мукажанов
  • В Кемайкин
  • А Карабеков
  • Д Сапарбай
  • З Хамитова
  • Ж Қуаныш National Research Oncology Center

DOI:

https://doi.org/10.52532/2521-6414-20243-73-50-53

Кілт сөздер:

гемобластоз, COVID-19, болжам, онкогематология, өлім, миелома, лейкоз

Аңдатпа

Өзектілігі: SARS-Cov2 гемобластозбен ауыратын науқастардың ағымы мен еміне тікелей әсер еткен теңдесі жоқ денсаулық дағдарысын тудырды. Гематологтар коронавирустық инфекцияның қатар жүретін жұқпалы патологиясын емдеумен қатар жүр-гізілген химиотерапияға байланысты төтенше қиын жағдайға тап болды. Алайда, сипатталған кезеңдегі пациенттердің осы са-наты үшін диагностика және емдеу бойынша нақты ұсыныстар мен бекітілген хаттамалар болған жоқ. Гематологиялық қатерлі ісіктері бар науқастар, әдетте, аурудан туындаған иммуносупрессияға және емнің иммундық жүйеге әсерінің нашарлауына бай-ланысты инфекцияларға көбірек бейім.
Зерттеудің мақсаты - SARS-Cov-2 вирустық инфекциясының онкогематологиялық аурулардан болатын өлімге әсерін зерттеу және талдау.

Әдістері: Ретроспективті когортты зерттеу үшін пациенттердің деректері пациенттердің электронды медициналық жаз-баларынан алынды. Коронавирустық инфекция COVID-19 РНҚ анықтауға арналған оң ПТР сынағымен, сондай-ақ кеуде қуысының компьютерлік томографиясымен (КТ) расталды. Барлық науқастар бөлімшеге түскен кездегі ауру жағдайын анықтаудан өтті. Әрі қарай жүргізілген терапия бағаланып, емдеу нәтижелеріне сипаттамалық талдау жүргізілді.
Нәтижелері: 2020 жылдың шілдесі мен 2021 жылдың шілдесі аралығында Ұлттық ғылыми онкология орталығының (Астана, Қазақстан) КИ-1 бөлімшесінде гемобластоз және гемопоэтикалық депрессиямен қатар жүретін КИ бар 56 науқас емделді. Осы кезеңде 2 науқас қайтыс болды, өлім-жітім көрсеткіші 3,6% болса, мамандандырылған гематология бөлімшесінің өлім-жітім көр-сеткіші 2020 жылы 2,8% құрады (904 науқастың 26-сы қайтыс болды).
Қорытынды: Біздің бөлімше жұмысының нәтижелеріне сүйене отырып, гемобластозды жүйелі ісікке қарсы терапиясыз және ремиссияға қол жеткізбестен, инфекциялық асқынуларды емдеу тиімсіз болады деп қорытынды жасауға болады. Қатерлі ісікке қарсы жүйелі терапия кезінде немесе одан кейін SARS-CoV-2 инфекциясы COVID-19-дан болатын өлімге айтарлықтай әсер етпейді

Қосымша файлдар

Жарияланды

01.10.2024