Гепатоцеллюлярлық карциноманың генетикалық механизмдері: әдебиетке шолу

Авторлар

  • А.А. Амиркулова РГП «Больница Медицинского центра Управления делами Президента Республики Казахстан»
  • Г.А. Дербисалина
  • Н.А. Шаназаров
  • Ж.Б. Бекбергенова

Кілт сөздер:

гепатоллюлярлық карцинома, бауыр ісігі, ген, қауіп факторы

Аңдатпа

Өзектілігі: Гепатоцеллюлярлық карцинома (ГЦК) - бауырдың біріншілік қатерлі ісігінің ең көп таралған түрі. Бауыр ісігінің бұл түрі тез прогрессиямен және нашар өмір сүру болжамымен сипатталады. ГЦК негізінде жатқан генетикалық механизмдерді түсіну диагностикалық және емдеудің жаңа тәсілдерін дамыту үшін үлкен маңызға ие. 

Зерттеудің мақсаты – гепатоцеллюлярлық карциноманың дамуындағы генетикалық факторларды зерттеу.

Материалдар мен әдістері: Бұл шолуда әртүрлі әдебиет көздері, соның ішінде ғылыми мақалалар мен шолулар пайдаланылды. Әдебиеттерді іздеу PubMed, Cochrane кітапханасы, Scopus және Web of Science дерекқорларында «гепатоцеллюлярлық карцинома», «гендер» түйінді сөздері арқылы жүргізілді. Мақалаларды шолуға қосу олардың мазмұны мен зерттеу тақырыбына сәйкестігіне негізделді. Іздеу тереңдігі 5 жыл (2018-2023) болды.

Нәтижелері: Гепатоцеллюлярлық карциномамен байланысты әртүрлі гендер, соның ішінде ГЦК жиі мутацияланған гендер, сондай-ақ жасуша өсуін, апоптозды, метастазды және инвазияны реттеуде рөл атқаратын гендер талданды. ДНҚ метилденуі және хроматин модификациялары сияқты эпигенетикалық өзгерістер зерттелді. Сондай-ақ микроРНҚ-лардың, ұзақ кодталмаған РНҚ-лардың, айналымдағы микробөлшектердің және ГЦК диагностикасы мен болжамындағы басқа биомаркерлердің рөлдері қарастырылды.

Қорытынды: Осы шолуда қолданылған материалдар мен әдістер гепатоцеллюлярлық карциномамен байланысты гендер мен молекулалық механизмдердің кең ауқымын қамтуға мүмкіндік берді. Бұл механизмдерді түсіну бауыр ісігінің осы қауіпті түрімен күресудің жаңа диагностикалық және емдік тәсілдерін әзірлеуде маңызды рөл атқарады. Осы саладағы әрі қарай зерттеулер біздің білім қорымызды кеңейтуге көмектеседі және пациенттер үшін ГЦК емдеудің жақсаруына әкеледі.

Жүктеулер

Жарияланды

06.09.2024