Қазақстан Республикасының Алматы облысы бойынша ісік ауруларына байланысты медициналық-демографиялық жағдай мен ересек халықтың денсаулық жағдайы
DOI:
https://doi.org/10.52532/2521-6414-20243-73-11-18Кілт сөздер:
халықтың денсаулығы, медициналық-демографиялық жағдайы, аурушаңдық, өлім-жітім, қатерлі ісіктер, алдын алуАңдатпа
Өзектілігі: Қатерлі ісіктерге байланысты халықтың денсаулық жағдайының әртүрлі аспектілері, сондай -ақ халыққа онкологиялық көмек көрсету жүйесін жетілдіру мәселелері көптеген авторлардың көпжылдық зерттеулерінің нысаны болып табылады. Қатерлі ісікке алаңдаушылық пен назардың артуы, қазіргі денсаулық сақтау саласының ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Бүкіл әлемде, ең алдымен, елдердің әлеуметтік -экономикалық әл-ауқатының өсуімен, өмір сүру ұзақтығының ұзаруымен және онкологиялық ауруларды анықтауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырумен байланысты жұқпалы емес созылмалы аурулармен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.
Зерттеудің мақсаты – өлім-жітім көрсеткіштерін және бес жылдық өмір сүру деңгейін жақсарту үшін Алматы облысының оңтүстік аймағындағы қатерлі ісіктердің аурушаңдығын бағалау.
Әдістері: Алматы облысы бойынша қатерлі ісіктері бар науқастар мен аурулар туралы № 7 жылдық медициналық есеп нысандарының деректеріне талдау 2018-2022 жылдар (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен нысан), ҚР Ұлттық статистика бюросының жыл сайынғы өңірлік статистикалық жинақтары. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі» жинақтары 2018-2022 жылдар.
Нәтижелері: Алматы облысында және республикада онкологиялық аурулардың жоғары деңгейін негізінен ерлерде өкпе және асқазан обыры, әйелдерде сүт безі мен жатыр мойны обыры құрайды. Алматы облысында және жалпы Республика бойынша онкологиялық аурулар көрсеткішінің төмендеу үрдісі байқалады. Алайда, мақсатты көрсеткішке қол жеткізілген жоқ. Республика бойынша онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім деңгейі іс жүзінде тұрақты, ал Алматы облысында төмендеу байқалады. Өлім құрылымында бірінші орында өкпе ісігі, екінші орында асқазан ісігі, үшінші орында сүт безі обыры, төртінші орында өңеш ісігі.
Қорытынды: Өлім-жітім деңгейін төмендетудегі табыс скринингтік бағдарламаларды енгізу, қатерлі ісік ауруын ерте сатысында диагностикалауды жақсарту және емдеудің тиімділігіне байланысты, бірақ өлім-жітім деңгейі әлі де жоғары болып отыр. Алматы облысында онкологиялық аурулардан болатын аурушаңдық пен өлім-жітімді эпидемиологиялық зерттеу скринингтік тексеруді жақсарту, асқазан және өкпе обырын анықтау үшін скринингтің жаңа нысандарын енгізу, скринингті күшейту, сондай-ақ халық арасында профилактикалық және ағарту жұмыстарын күшейту қажеттігін көрсетеді.