Жапон асқазан обыры қоғамының морфологиялық жіктемесін қазақстан халықына бейімдеу нәтижелері
DOI:
https://doi.org/10.52532/Кілт сөздер:
асқазан обыры (АО), хромоскопия, ауыр дисплазия, Жапон асқазан обыры қоғамының (JGCA) морфологиялық жіктемесіАңдатпа
Өзектілігі: Қазақстанда жыл сайын асқазан обыры (AО) ауруларының саны артып келеді. Сонымен, 2022 жылы 2915 адам анықталды (100 000 тұрғынға 15 адам), онкопатология құрылымында 3 орынды алады, бұл ретте асқазан обырының ерте формаларын анықтау көрсеткіші 10-20%-дан аспайды, асқынған түрлері – 40%-дан жоғары; Диагноз қойылған сәттен бастап бірінші жылы өлім-жітім артады (40% дейін).
Бастапқы кезеңде асқазанның обыры алды ауруларының сатысында диагностика жүргізу асқазан обырын ерте диагностикалау мәселесін шешудің жолы болып табылады. Жоғарғы асқазан-ішек жолдарының хирургиялық және шекаралық ауруларын (өңештің, асқазанның және он екі елі ішектің шырышты қабатындағы метапластикалық және диспластикалық өзгерістер мен аденокарциномалар және осы фоннан туындаған ерте обыры) дер кезінде диагностикалау және емдеу күрделі медициналық-әлеуметтік мәселе болып табылады.
Қазіргі уақытта өңештің, асқазанның және он екі елі ішектің ауруларын диагностикалаудың эндоскопиялық әдістері ең ақпараттылығы жоғары. Дегенмен, әдеттегі эндоскопиялық зерттеу кезінде обырға дейінгі өзгерістер (атрофия, метаплазия, дисплазия) ерекше белгілерге ие болмауы мүмкін. Осыған байланысты эндоскопиялық диагностика нәтижелерін жақсарту жолдарын іздестіру қажет. Қатерлі обырыға дейiнгi патология мен асқазан қатерлі обырын анықтауға бағытталған әдістердің бірі хромоскопия әдісi.
Зерттеудің мақсаты – Жапон асқазан обыры қоғамының (JGCA) морфологиялық жіктемесін Қазақстан халықына бейімдеу арқылы асқазан обырының ерте диагностикасының тиімділігін арттыру.
Әдістері: Хромоскопиялық әдіспен эндоскопиялық зерттеулер Қазақстан Республикасының 500 асқорыту жүйесі аурулары, бұрын анықталған асқазан обыры диагнозы жоқ және эндоскопиялық зерттеу кезінде алынған биопсияның морфологиялық зерттеулері, тәуекел тобын құра отырып жүргізілді. Жапон асқазан обыры қоғамына (JGCA) сәйкес (13-ші және 14-ші жарияланымдар).
Нәтижелері: 500 науқастан алынған биопсия үлгілерін морфологиялық зерттеу нәтижелері бойынша ауыр дисплазиясы бар 3(0,6%) жағдай анықталды. Бұл морфологиялық құрылым жақсы дифференциацияланған аденокарцинома ретінде жіктеледі. Анықталған науқастарға хирургиялық емдеу ұсынылады.
Қорытынды: Осылайша, қатерлі обырына айналу ықтималдығы өте жоғары мiндеттi қатерлі обырына дейiнгi жағдайлары асқазан обырын ерте диагностикалау үшін Жапон асқазан обыры қоғамының (JGCA) морфологиялық жіктемесін қолданудың маңыздылығын дәлелдейді және асқазанды эндоскопиялық зерттеуде хромоскопия әдісін қолдануды ұсынады.