Жедел лимфобластикалық лейкемиямен ауыратын балаларды қарқынды емдеу бөліміне жатқызудың негізгі себептері: әдебиетке шолу

Авторлар

  • Е.Б. Куракбаев КМУ "ВШОЗ"
  • Б.С. Турдалиева
  • К.О. Умбетов
  • Е.С. Сарсекбаев

DOI:

https://doi.org/10.52532/

Кілт сөздер:

балалар, клиникалық нашарлау, қарқынды емдеу бөлімі, жедел лимфобластикалық лейкемия, жағдайдың нашарлауы

Аңдатпа

Өзектілігі: Балалардағы қатерлі ісіктердің кең таралған түрлерінің бірі жедел лимфобластикалық лейкемия (ЖЛЛ). Шамамен 85 пайызы B-жасушалы және 15 пайызы Т-жасушалы ЖЛЛ барлық жағдайларынан. Гематологиялық қатерлі ісік диагнозы қойылған көптеген науқастар емдеудің белгілі бір кезеңінде қарқынды емдеу бөлімшесіне (ҚЕБ) жатқызуды қажет етеді.

Зерттеудің мақсаты- ҚЕБқа жатқызылған ЖЛЛ науқастарның клиникалық нашарлауы туралы өзекті әдеби деректерді зерттеу болып табылады. Олардың клиникалық маңыздылығы және ҚЕБғы ЖЛЛ науқастардың клиникалық нашарлау себептері мен жағымсыз нәтижелердің болжамдық мәні.

Әдіс тәсілдері: Көлденең зерттеуге сипаттамалық тәсіл қолданылды. Біз 2016-2023 жылдар аралығында жарияланған дереккөздерді талдап, ЖЛЛ науқастарды ҚЕБқе жатқызудың негізгі себептері туралы деректерді жинадық.

Нәтижелер: Біріншіден, ЖЛЛ диагнозын алғаш рет қойғанда науқастың жасы өте маңызды. В-жасушалық ЖЛЛ емдеу басқа жас топтарына қарағанда 1 жастан 9 жасқа дейінгі аралықта жоғары нәтижелі. Екіншіден, диагноз қойылған кездегі лейкоциттердің бастапқы саны болжамды көрсеткіш болып табылады. Үшіншіден, ЖЛЛ-дің белгілі бір түрі емдеу болжамына әсер етеді. Тәуекел факторлар қосымша және жұқпалы аурулар, өкпе мен жүрек-қантамыр жүйесінің функцияларын бақылаудың және басқарудың маңыздылығын атап көрсетеді. ҚЕБ жатқызудың келесі негізгі себептері химиотерапиямен, инфекциямен және жоспардан тыс ауруханаға жатқызумен байланысты асқынулар болып табылады. Қалыпты қауіпті науқастармен салыстырғанда, жоғары қауіпті науқастарда ҚЕБ жатқызу жиілігі жоғары болды. Осы топ арасында  ҚЕБ жатқызуды азайту үшін химиотерапия мен инфекцияларды бақылау маңызды болып табылады.

Қорытынды: химиотерапия, қосымша және жұқпалы аурулар, гипоксия және гемодинамиканың тұрақсыздығы - бұл науқастарды ҚЕБ жатқызудың қосымша себептері. Әр түрлі органдар мен жүйелерді бақылау өте маңызды.

Жүктеулер

Жарияланды

02.10.2024