Туа біткен қосжарнақты қолқа қақпақшасы мен асқазан қатерлі ісігін бір мезгілде хирургиялық емдеу: клиникалық жағдай

Авторлар

  • А.М. Абдикаримов
  • А.М. Башабаев Nazarbayev University

DOI:

https://doi.org/10.52532/

Кілт сөздер:

асқазан, қатерлі ісік, жүрек, қолқа қақпақшасы, Бенталл, бір мезгілде орындалатын операциялар

Аңдатпа

Өзектілігі: Асқазан қатерлі ісігі-асқазан-ішек жолдарының қатерлі ісіктерінің екінші себебі және қатерлі ісіктің жалпы статистикасындағы бесінші себеп. Жүрек-қан тамырлары аурулары бүкіл әлемде өлім-жітімнің негізгі себебі болып табылады. Екі аурудың да таралуы жоғары болғандықтан, пациенттерде бұл аурулар бір уақытта болуы ықтималдығы артады.
Зерттеудің мақсаты - Біз пациентке екі түрлі ауруға симультандық ота жасалатын клиникалық жағдайды ұсынғымыз келеді.
Бұл мақалада мүмкін болатын хирургиялық тактика, симультандық операцияның артықшылықтары мен кемшіліктері талқыланады.
Әдістері: Бұл клиникалық жағдайда біз фиброэзофагогастроскопияда кездейсоқ табылған асқазан қатерлі ісігі және туа біткен қос жармалы қолқа қақпақшасы бар 49 жастағы ер адамға симультанды ота жасалды. Науқастың жағдайы симультандық операция жасауға мүмкіндік бергендіктен, оған бұл операция жасалды.
Нәтижелері: Операция ішілік және операциядан кейінгі кезең біркелкі өтті, науқас операциядан кейін 8 тәулікке қанағаттанарлық жағдайда шығарылды.
Қорытынды: Біздің клиникалық жағдайды пайдалана отырып, іш қуысының патологиясына және жүрек патологиясына бір мезгілдге хирургиялық ем жасау қатерлі аурулары бар адамдарға операциялар арасындағы аралықты азайта отырып, адъювантты терапияны жылдам алуға мүмкіндік беретін қауіпсіз процедура болуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланды

02.10.2024